- Advertisement -

Сегіз айда сыбайластық құқық бұзушылық болған жоқ

42

- Advertisement -

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мелекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түспегенін қадап айтты. Осылайша орталық және жергілікті органдардың нормативтік-құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіруді тапсырды.
Жалпы, Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу қажет. Жасыратыны жоқ, кей жағдайларда осындай сипаттағы құқық бұзушылық анықталса, әлдебір құжаттарға заңдылығы нақтыланбай қол қойылса, әйтеуір бір қызметшіге тәртіптік жаза берілетін. Енді қандай да бір қателікке басшы да жауапты болса, қадағалау да, бақылау да күшейетіні сөзсіз.
Облыстық әділет департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша нақты ұйымдастыру және тәжірибелік жұмыстар үнемі жүргізілетінін айта кету керек. Қызметкерлерге заңдар түсіндіріліп, өзекті тақырыптар талқыланып отырады. Мәселен, ағымдағы заңнаманы зерделеу бойынша «Nur Otan» партиясының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдерін шақыртып, ай сайын сабақтар, сондай-ақ сыбайластыққа қарсы заңнама нормалары бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, дәрістер тұрақты түрде өткіземіз.
Қарапайым тұрғындар қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға немесе басқа да қылмыстарға жол бергенін байқаса, дереу шағым жасай алады. Ол үшін департаменттің (Instagram. Facebook) парақшаларында, Әділет министірлігінің және департаменттің сайттарына немесе ғимаратта орнатылған жәшікке өтініш қалдыруы тиіс. Сонымен қатар басшының және оның орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілген.
Осы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде департаментте былтыр да, биылғы 8 айда да сыбайластық сипатындағы құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.

Гүлжан ХУСАИНОВА,
облыстық әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке тіркеу жұмыстарын
ұйымдастыру бөлімінің инспекторы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support