- Advertisement -

Қазақстандық делегация ШЫҰ Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің отырысына қатысты

50

- Advertisement -

Қазақстандық делегация ШЫҰ Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің отырысына қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –20-23 тамызда Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымында (ШЫҰ) ресейлік төрағалығы шеңберінде ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің бірінші отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Іс-шараға ШЫҰ мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Ерлан Әлімбаев қатысты.

Отырыста Ресейдің ШЫҰ-дағы төрағалығының басымдықтары, мүше-мемлекеттер басшыларының бастамаларын іске асыру барысы, ү.ж. 31 қазан — 1 қарашада Ташкент қаласында өтетін Ұйым елдері Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына, сондай-ақ басқа да жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық жұмыстары талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шанхай ұйымы шеңберіндегі бастамаларын ілгерілету бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.  

Іс-шара аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Ұлттық үйлестірушілері және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының тұрақты өкілдерінің бейресми консультациялары өтті. Қатысушылар екі ұйым арасында ықпалдасудың ықтимал жолдарын дамыту мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.


kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support