- Advertisement -

Чемпион тартуы

39

- Advertisement -

Зүлфия Ғабидуллина өз қаржысына спорт алаңшасын салып берді

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасы аясында және Жастар жылына орай елімізде атқарылып жатқан жұмыстар жеткілікті. Ондай игі істер біздің өңірде де көптеп жүзеге асырылуда. Оған белгілі кәсіпкерлер мен танымал спортшылар ықпал етуде.
Жүзу спортынан Рио де Жанейро қаласында өткен Паралимпиада ойындарының және әлем чемпионы Зүлфия Ғабидуллина облыс орталығындағы «Жансая» шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің алдынан әмбебап спорт алаңшасын ашты. Алаңның көлемі 6х20 шаршы метрді құрайды. Спорт алаңшасы үшін 4 миллион теңге қаражат жұмсалған. Бұл игілікті іске «Jas projekt» жобасының облыстағы жетекшісі Мамыр Асатуллаев та қолдау көрсетіпті. Мұнда баскетбол, волейбол, шағын футбол ойнауға, жеңіл атлетика түрлерімен шұғылдануға мүмкіндік бар. Бір мезгілде 25 бала қалаған спорт түрімен айналыса алады.
Аталған спорт алаңшасының ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай сөз сөйлеп, Елбасының бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасына үлес қосып отырған Зүлфия Ғабидуллинаға зор алғысын білдірді. Сондай-ақ ол көпшілікті жаңа алаңшаның ашылуымен құттықтады. Мұнан соң облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков өзінің тарапынан сыйлықтар ұсынды. Ал Паралимпиада ойындарының чемпионы Зүлфия Ғабидуллина балаларға тарту жасағанына қуанышты екенін айтып, тұрғындардан спорт алаңшасын күтіп ұстауды өтінді. Келесі сәтте сөз сөйлеген қала тұрғыны Гүлімхан Байтоқова мұндай алаңшаның балаларға көптен бері қажет болып жүргенін сөз етіп, балаларға жанашырлығы үшін чемпионға алғысын білдірді.
Спорт алаңшасының ашылуына арналған лентаны қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай, облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков, спортшы Зүлфия Ғабидуллина қиды.
Мұнан соң спорт алаңшасында балалардың алғашқы ойыны басталып та кетті. Біз тұрғындардың бірін сөзге тартқан едік.
– Бүгін біздің аулада өте игілікті шара жүзеге асып жатыр. Балаларға арналған спорт алаңшасы ашылғаны – үлкен қуаныш. Біз мұндай жанашырлықты ұзақ жылдан бері күтіп жүргенбіз. Міне, Елбасының «Туған жер» жобасы аясында жүзеге асып жатыр. Осы жұмысқа үлес қосқан барлық азаматтарға алғыс айтамыз. Қуанышымызда шек жоқ, – дейді қала тұрғыны Алдаберді Қандыбаев.

Тараз қаласы.

Суретті түсірген
Юрий Ким.

Есет Досалы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support