- Advertisement -

Журналистер-жүлдегерлер

50

- Advertisement -

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай және облыстық «Jambyl» телеарнасының 30 жылдығы қарсаңында бильярдтан Мұса Рахманбердиев атындағы облыстық дәстүрлі турнир өтті. Турнирді Тараз қаласы әкімдігі мен облыстық «Jambyl» телеарнасы бірлесіп ұйымдастырды. Шараның ашылу салтанатында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Облыстық «Знамя труда» газетінің бас редакторы Бекет Момынқұл мен телеарна директоры Жасұлан Әбдіхалық турнирдің маңыздылығына, Мұса Рахманбердиевтің журналистикадағы ұлағатты еңбек жолына тоқталды.
Мұнан соң қатысушылар үш топқа бөлініп, тартысты ойындар басталып кетті. «А» тобында өнер көрсеткен «Aq jol» газетінің Шу, Мойынқұм аудандарындағы меншікті тілшісі Ерғали Қартайған облыстық «Знамя труда» газетінің тілшісі Мұрат Таубаевты, облыстық «Arai» газетінің беттеушісі Ғани Сүгірәлиевті және бірқатар ойыншыларды ұтса, «Б» тобында ойнаған республикалық «Жас Алаш» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Нұрболат Әлдибек телеоператор Тимур Сейілханнан, журналист Есен Өтеулиевтен, «Jambyl» телеарнасының қызметкері Сәбит Жанбаевтан басым түсті. Осылайша, бұлар өз топтары бойынша көш бастады. «С» тобынан озып шыққан Жуалы аудандық «Жаңа өмір» газетінің бас редакторы Берік Жакулаевқа ешкім шақ келмеді.
Жүлде жолындағы талас та тартысты өтті. Нұрболат Әлдибек өз кезегінде Ерғали Қартайғанды ұтқанымен, Берік Жакулаевқа жол берді. Шын мықтыны анықтаған тартысты ойын шардың тасын санауға дейін жалғасты. Нәтижесінде Жуалы аудандық «Жаңа өмір» газетінің бас редакторы Берік Жакулаев жеңімпаз атанса, Ерғали Қартайғанға екінші орын, Нұрболат Әлдибекке үшінші орын бұйырды.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support