- Advertisement -

Қоржынымызда – жалғыз қола медаль

35

- Advertisement -

Қазақтың қара домалақ балалары әр ауылда күресіп өседі десек те, үлкен додаларда атой салатын оғландар саны көп емес. Мажарстанның Паке қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогі мәресіне жетті. Бұл байрақты бәсекеге әлемнің 27 елінен 415 балуан қатысып, бақ сынаған болатын.
Жарыстың алғашқы күні 66 келіде белдескен қазақстандық балуан Нұрзат Сәлімбаев турнирдің жұбаныш белдесуінде чехиялық спортшы Жан Свободадан айласын асырып, қола жүлдегер атанды. Қазақстан құрамасына бұйырған жалғыз медаль осы. 73 келідегі Жанасыл Әуаров соңғы сәттерде жеңіліс тауып, бесінші орынды қанағат тұтты. Қыздар арасында 70 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Мөлдір Нарынова да жұбаныш белдесуінде ұтылып, қол созым жерде тұрған қола медальдан құр қалды.
Жастар арасындағы Еуропа кубогіне елімізден 20 балуан аттанған болатын. 11-і ерлер бәсекесінде, 9-ы қыздар арасында өнер көрсетті. Алайда Мажарстаннан Қазақстанға бұйырғаны – жалғыз қола.

Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support