- Advertisement -

Студенттер еңбекте үлгі, спортта мықты

31

- Advertisement -

Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері арасында «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты спартакиада өтті. Шараны облыстық «Еркін пікір» пікірсайыс одағы жастар клубы ұйымдастырды. Аламанның ашылу салтанатында «SK Group» үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының басшысы Азамат Лесбек сөз сөйлеп, барлық командаға сәттілік тіледі.
Жарысқа Тараз қаласындағы үш университет, 8 колледжден 100-ге жуық студент қатысып, бақ сынады. Волейболдан ұлдар және қыздар арасында бірнеше команда өзара кім мықтыны анықтаса, ұлдар арасында кіші футбол додасы 6 команданың арасында өтті. Дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ додалары да қызықты өтті. Нәтижесінде ұлдар арасында «Аякс», қыздар арасында «Бірлік» командалары жеңімпаз деп танылды.
Спартакиаданы «Жасыл ел» жобасының үйлестірушісі Нұрсейіт Қарабаев қорытындылап, жеңімпаз командаларды кубокпен және дипломмен марапаттады.

Балым Өскенбай,
М.Х.Дулати атындағы
ТарМУ-дың студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support