- Advertisement -

Үміт отын тұтатқан құжат

42

- Advertisement -

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтерілген болатын. Онда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үшін қайта түлеудің айрықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліскен-ді.
Аталмыш мақаладағы прагматизм, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық жолмен дамуы, сананың ашықтығы туралы ұстанымдар кім-кімнің болса да жүрегіне нұр құйғаны анық. Жоғарыда аталған бағыт-ұстанымдар бойынша мемлекетімізде келелі істер атқарылғаны да баршамызға аян. Сонымен қатар аталмыш бағдарламалық мақаланың шеңберінде елімізде латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің негізі қаланып, емле-ережесі дүниеге келді. Бұл – әлемдік өркениеттен қалыс қалмауға жасалған жарқын қадам.
Түйіп айтқанда Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласы – ұлттың рухын көтеріп, жастардың жүрегінде үміт отын тұтатқан құжат екені анық.

Майра Әлімқұлова,
Ә.Молдағұлова атындағы
№28 орта мектептің мұғалімі.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support