- Advertisement -

ЖОСПАР МЕН ТОСТАР

70

- Advertisement -

«Жоспар! Жоспар! Жоспар!» – деп,
Алынып жатты тостар көп.
Әрбір пункт, әр тарау
Табыстарға бастар деп.

Ұзамай жоспар бұзылды,
Үсті-үстіне сызылды.
Айыл-тартпасы бос екен,
Желмей, жортпай, үзілді.

Үшіншісі бөздей сөгілді,
Арам терлер төгілді.
Жоспар мен тостар қабыспай,
Өгізге арба жегілді.
Тұлпар түгіл
Тұғыр жоқ.
Қаймақ түгіл
Жұғын жоқ.

Шона
СМАХАНҰЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support