- Advertisement -

Әшекеңнің айтқандары

51

- Advertisement -

«Сіздің қызметкерлеріңізді
білеміз ғой…»

Бір жолы Әшен Қырғабақұлы үйіне біраз сыйлы кісілерді қонаққа шақырады. Дастархан болған соң, әлгі «ақаңның» да ілесе жүретін әдеті бар емес пе?! Сол «әзәзілдің» бірнешеуі мойны қылқиып, үстел үстінде мөлдіреп тұрса керек. Содан тілек кезегі аудандық полиция бөлімінің бастығына келеді.
– Әшеке, мен рөлдемін ғой. Осы «ащы судан» ұрттамай-ақ қояйын, – депті полицияның бастығы. Сонда Әшекең:
– Сіздің қызметкерлеріңізді білеміз ғой. Полицейдің барлығы арақ ішіп алып, машина айдай береді. Кейбіреуі мас күйінде адам қағып та түк болмағандай жүр. Солардың әміршісі бола тұра, неден тартынасыз? – депті.
Сөзден жеңілген полицияның бастығы одан кейін қамшы салдырмапты.

«Мені кіммен шатастырып жүрсіз?»

Әшекең – келеңсіздікке шыдай алмайтын кісі. Ауылдағы бір жағымсыз жағдай туралы аудандық прокуратураға шағым түсіреді. Апта өтеді, ай өтеді. Әшеннің шағымына жауап келмейді. Шыдамы таусылған Әшекең құқық қорғау мекемесіне өзі барып, прокуратураның тергеушісіне ашуменен біраз айқайлап жіберсе керек. Анау да шыбық тимес шыңқ етер екен.
– Жаман қатын сияқты неге айқайлай бересіз? – деп дүрсе қоя беріпті. Сонда Әшекең де намысын жібермей:
– Әй, балам, сен менің қатын екенімді қалай дәлелдейсің? Құдайға шүкір, асыл жарым, 11 балам бар. Үлкен шаңырақтың иесін қатын деп моральдық тұрғыдан мені қорлағаның үшін сені сотқа беремін. Осы қазір шағым-арыз жазамын, – дейді ғой қызынып.
Прокуратурадағылар да пенде ғой. Әлгі жігіт мұндайды күтпей абдырап қалса керек.
– Ой, көке, айып етпеңіз. Мен де ашу үстінде айтып қойыппын. Көңіліңізге мұнша тиеді деп ойламаппын. Кешіріңіз, – деп жалынып әрең құтылыпты.
«Сөз тапқанға қолқа жоқ» деген осы шығар.

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support