- Advertisement -

Жылжымалы көрме жұрт қызығушылығын оятты

181

- Advertisement -

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен, облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен аудандарда «Ежелгі Тараз шаһарының көмбесі» атты жылжымалы көрмесі өткізіліп жатыр.
Көрме барысында «Ежелгі Тараз» қалашығынан қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған VI-XIV ғасырларды қамтитын 200-ге жуық тарихи, құнды жәдігерлер қойылып, жұртшылықтың назарына ұсынылуда. Олардың барлығы да байырғы Тараз шаһарының мәдениетінен, өткенінен сыр шертетіні анық. Осынау шарада қыштан жасалған құмыралар, тұрмыстық қажеттілікпен пайдаланылған ыдыс-аяқтар, қоладан және қыштан жасалған шырағдандар, сынапкөзелер, қазандар және Ұлы Жібек жолында ежелгі Тараздың гүлдену кезеңі X-XII ғасырларды қамтитын, қараханид дәуіріне жататын күмістен және қоладан жасалған әшекей бұйымдар бар.
Жаңатас қаласынан бастау алған аталмыш көрме кейіннен Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылында, Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында ұйымдастырылды. Қазіргі кезде көрме Тұрар Рысқұлов ауданындағы тарихи-өлкетану музейіне қойылды. Тарлан тарихтың көзіндей болған шараға құландықтар да белсене қатысып, жәдігерлермен танысып жатыр. Көрмеге келген аудан тұрғындары мамандарға алғыстарын айтып, бұл істің алдағы уақытта да сәтімен жалғасқанын қалайтындықтарын білдіруде.
«Ежелгі Тараз шаһарының көмбесі» атты жылжымалы көрмесі алдағы уақытта алты ауданда жалғасын табатын болады. Өлке тарихын тереңнен танып, зерделеп-зерттеуге мүмкіндік беретін көрме жұмысына өзге аудандардың тұрғындары да белсенділікпен қатысады деген ойдамыз.

Жазира Шілдебаева,
«Ежелгі Тараз ескерткіштері»
тарихи-мәдени қорық-мұражайының аға ғылыми қызметкері

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support