Шымбайың шындық айтсаң күйеді екен…

6

Астынан алты қабат ала бұлттың,
Сонаға соқа шегіп дала жырттым.
Суғардым сол даланы сел-сел ғылып,
Ішінен су шығарып қарақұрттың.

Бір күні бір агроном Үркерден кеп,
Кім сені бұл жұмысқа итерген деп.
Мұртымен қарақұрттың ұрып жықты,
Қарақұрт «Қызыл кітапқа» тіркелген деп.

Сонан соң ешкі бақтым еңіретіп,
Ешкілер бұзау туды мөңіретіп.
Бұзаулар батыр болсын дедім-дағы,
Қасқырмен қоса бақтым серік етіп.

Еңбегім бағаланып ғарышқа ұштым,
Ғарышта мына тұрған Марсқа ұштым.
5-терде жұмыстан соң шығып кетіп,
6-да аман-есен барып түстім.

Қуанып Марстағы бөлелерім,
Марста бөлең болса көрер едім.
Көрсетті магазинін аралатып,
Толып тұр дефицит зат, не керегің.

Мініп ап шабағына Айнакөлдің,
Марспен көрші жатқан айға келдім.
Баласы Ай мен Күннің үйленіпті,
Сол тойға тамада боп сонда келдім.

Ауылға Айдан түзеп алып бетті,
Мініп ап мотоцикл шауып кеттім.
Алдымнан қас қылғандай қарсы шығып,
Бір қоңыз дырылдап кеп қағып кетті.

Алдыңғы дөңгелектен ұрған екен,
Қоңыз да дым білмейтін құрған екен.
Бас салып екеумізді ұстап алды,
Шегіртке ГАИ болып тұрған екен.

Шымбайың шындық айтсаң күйеді екен,
Байқаймын қоңыздыкі жүйелі екен.
Дәу қоңыз дырылдаған байқап тұрсам,
Шырылдаған ГАИ-дің жиені екен.

Жорабек Туғанбай,
зейнеткер.

Әбжапар ауылы,
Т.Рысқұлов ауданы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.

микро займ на карту