- Advertisement -

Бұл – менің ішкі сырым

206

- Advertisement -

18Бауыржан Мырзахметов,
М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы.

Көзім – көгілдір экранда, көңілім-шартарапты шарлап жүр. Құдды, менің ішкі сырымды біреу біліп қойып, жалпақ жұртқа жария етіп жатқандай толқып отырмын. Бір жарым жыл елден жырақ, жат жерде жүрген кезімде мен де тап осындай күйді бастан кешкенмін. Туған жердің қадірін нақ сол кезде ұғындым. Жалпы, көркем туындыны тамашалап отырып, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен қабылданған «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алуға мүмкіндік алған әрбір жас осылай ойлағаны анық.
«Оралу» фильміндегі басты кейіпкер Мақсат пен менің көзқарасымның өзара ұқсастығына таңғалдым. Мен де ауылда өстім. Біздің жақта мамыр өте жердің оты азайып, топырағы борпылдап шыға келетін. Сол топырақтың ыстық болатынын «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде ғылыми тағылымдамадан өту үшін туған жерден ұзап шыққанда түсіндім. Тұманды Альбион атанған қалада алты ай тіл үйрену курсынан өткен кезімде жусан исін сағындым. Ауылдағы күнқақты болған аталарымды көргім келетін. Кейін ғылыми тағылымдамадан өту үшін Францияға жол тарттық. Ол жақта ғылымға ден қойған жастар көп екен. Талғам мен таным да өзгеше. Зерттеу жұмыстарымен айналысуға барлық мүмкіндік жасалған. Біз биомолекула және биопроцестерді зерттейтін команданың құрамында болдық.
Міне, басты кейіпкердей, мен де елге келдім. Өзім туған өңірдегі іргелі оқу орнында қолға алған ғылыми зерттеу жұмысымды жалғастырудамын. Екі жылға жуық уақыттың ішінде бұл жақта да көп нәрсе өзгеріпті. Ғылымға деген үлкен бетбұрыстың болып жатқаны бірден байқалады. Тараз мемлекеттік университетінде, «Химия және химиялық технология» кафедрасында «Физика-химиялық зерттеу орталығы» ашылды. Мұның өзі – үлкен жаңалық.
Фильмде туған жерге деген сүйіспеншілік құрғақ баяндалмайды. Елден жырақ кетіп, арада біршама уақыт өткенде туған жерге табан тіреген жанның ішкі сырын ашып көрсетеді. Өз Отаныңда да көптеген жетістіктерге жетуге болатынын, өзі секілді жастарға үлкен қолдау көрсетілетінін ұғынған жас ұрпақтың жүрек түкпіріндегі кәусар үнді жеткізеді. Бір сөзбен айтқанда, жас режиссер Рашид Сүлейменовтің «Оралу» фильмі елі-міздің ертеңгі болашағы – жас ұрпақты елжандылыққа шақырады. Ал экрандық туындының сәтті шығуына Санжар Мәдиев, Аружан Жазылбекова, Обонна Эндэбуезе, Еркебұлан Дайыров, Сергей Штерн, Саят Мерекеұлы, Сырым Қашқабаев сынды актерлер үлкен үлес қосқан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support