Вальс королінің әндері Тараз төрінде шырқалды
Тараз төрінде қазақ музыкасының алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Ән аға – Жан аға» атты әсерлі концерт өтті. Түркістан облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармониясы ұйымдастырған кеш көрерменге ерекше рухани ләззат сыйлады.











