Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі» медалінің иегері Сұлушаш Құрманбекова ашып, жылы лебізін білдірді. Кітапхана қызметкері Алтынай Әбдірайымова «Ауырмайды жүрек» әнін керемет шабытпен шырқады. Кеште Мәдениет саласының үздігі, облыстық «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер орталығы» мекемесінің директоры Ахметжан Өзбеков те тереңнен ой толғады.
«Айтыстағы әр ақын қайталанбас дара тұлға. Бірақ, біреуі намазшам гүлі секілді тек кеш қарая қауызын ашады. Ал енді біреуі күндіз-түні гүл атып, кейбіреуі саңырауқұлақ секілді бүр жармай өтуі мүмкін. Бас болса бадырайып көрініп, жоқ болса орны үңірейіп тұратындар бар. Олжас осы топтан. Олжастың мемлекеттік қызмет істеріне де, айтыс өнеріне де, музыка әлеміне де қосқан үлесі көп», – деді Ахметжан Орынбасарұлы.
Кеш барысында белгілі айтыс ақыны Ербол Қамбатыр, Мәдениет қайраткері Айгүл Қабиева өз ойларын ортаға салды. Кеш иесі Олжас Отар да елдің алдына шығып, кітаптың жазылу барысын кеңінен әңгімеледі. Іс шараның жоғары деңгейде өтуіне ақын, «AulieataMedia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Азамат Есалының қосқан үлесі қомақты.
Іс-шара барысында «Ауырмайды жүрек» кітабының тұсауын Сұлушаш Құрманбекова мен Ербол Қамбатыр кесті. Әдеби кеш аясында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының әншісі, «Ерен еңбегі» медалінің иегері Мадина Сағымбекова Олжас Отардың «Ағайын» әнін көпшілікке тарту етті. Жиынды кітапхана директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Эльмира Абдинова қорытындылап, қонақтарға алғысын білдірді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Қаламгердің шығармасы өз дауысымен жазылады
- 5 наурыз, 2026
Ақжал ақын Серік Томановтың туғанына – 70 жыл
- 4 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




