«Алғысым саған – Қазақ елі» шығармашылық кешінің ерекшелігі – сахна төріне тек өзге ұлт өкілдері шығып, қазақ тілінде ән шырқап, жүрекжарды өлеңдерін оқыды. Мемлекеттік тілді құрметтеп, оны үйренуге деген талпыныстары мен шынайы ықыластары көрермендердің ерекше ықыласына бөледі. Бұл тағылымды іс-шара мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып қана қоймай, ұлттар арасындағы достықты нығайта түсті.
Кеш барысында қатысушылар қазақ халқына, кеңпейіл еліне, дархан даласына деген алғыстарын ән арқылы да, жыр арқылы да жеткізді. Әрбір орындау – тек өнер көрсету емес, жүректен шыққан ризашылықтың көрінісі болды. Қызмет алушылардың тіл үйренудегі табандылықтары мен белсенділіктері олардың өнерінен анық көрінді. Айтулы кеш көрермендерге ерекше әсер қалдырып, жүректерге жылулық сыйлады.
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби сазды кеш орталықтың қызмет алушыларын мөлдір поэзияның әдемі әсеріне бөледі. Тағылымды іс-шарада қатысушылар ақынның жалынды жырларын оқып, ән жазылған туындыларын орындап, рухына тағзым етті.
Кеште ақынның көзін көріп, қолтаңбасын алған белгілі журналист Мақұлбек Малдарбеков өз естелігінде Мұқағали Мақатаевпен кездескен сәтін, алған әсерін тебіреніспен баяндап, кешке қатысушыларға рухани азық сыйлады.
Салтанат ӘЛІМҚҰЛОВА
Белсенді ұзақ өмір орталығының қазақ тілі нұсқаушысы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




