Рухани шараның басты мақсаты – сарбаздардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру, отансүйгіштік сезімді бекемдеу және қазақ поэзиясының асыл мұрасын насихаттау. Әскер – тәртіп пен жауапкершіліктің, төзім мен табандылықтың мектебі. Дегенмен, әскери өмір тек физикалық дайындықпен шектелмейді.
Рухани қуат пен ішкі сенім – сарбаздың нағыз тірегі. Мұқағали поэзиясы арқылы жас жауынгерлер туған жердің қадірін, ананың мейірімін, достықтың адалдығын тереңірек сезінеді. Бұл – Отан алдындағы борышты саналы түрде түсінуге жетелейді. Әскери қызмет барысында кездесетін сағыныш, жауапкершілік, ішкі толғаныс сәттерінде ақын жырлары сарбазға рухани сүйеніш болары да сөзсіз. Кешті орталық қызметкері Назым Қожамар мен әскери бөлімнің тәрбиеші офицері Шыңғыс Кушкалиев жүргізді.
Қонақ ретінде барған орталық қызметкерлері – Фарида Меткерқұлова, Бауыржан Райымбеков, Мұқағали Балтабаев және ардагер ұстаз Амангүл Жанғазы ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы тағылымды деректер айтып, Мұқағали жырларын тебіреніспен оқыды. Әдеби кеш ақынның «алтын қорда» сақталған өз дауысымен басталды. Мұқағалидың жүрек тербеген үні жиналған қауымды бір сәтке уақыт кеңістігінен ажыратып, ақынның рухани әлеміне жетеледі.
Ақын даусы – тарихтың тірі куәсіндей әсер беріп, сарбаздарға поэзияның құдіретін терең сезіндірді. Мұқағали жырларының легін «ALEM» кәсіби білім беру колледжінің студенттері жалғап, тебірене өлең оқыды. Бұл лекті әрі қарай әскери бөлімнің сарбаздары қолдап, Отан, ана, туған жер, достық пен адалдық тақырыбындағы өлеңдерді нақышына келтіре орындады. Сарбаздардың оқыған жыр жолдары көрерменге ерекше әсер қалдырды. Себебі Мұқағали поэзиясы – әр адамның ішкі жан дүниесімен үндесетін, ар мен намыс, сағыныш пен сенім, махаббат туралы терең толғанысы.
Кеш барысында мәдениет майталманы Бауыржан Тұранұлы терме айтып, ақын сөзіне жазылған әндерді орындады. Әуен мен жыр астасқан сәттер жиынның мазмұнын байытып, рухани әсерін күшейте түсті. Тағылымды басқосуда жиналған көпшілік Мұқағали ақынның «Есіңе мені алғайсың» әнін бірге орындап, әдемі әсерге бөленді. Жиынның соңын Әскери бөлім батальон командирінің орынбасары Әліби Жақсылық қорытындылап, жыр оқыған жастарды марапаттады.
Луиза НАҒАШЫБАЕВА
Ш.Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының баспасөз қызметкері
Ұқсас жаңалықтар
Аудан тұрғындары 100 пайыз ауыз сумен қамтылды
- 23 ақпан, 2026
Басты талап – өмір сапасын жақсарту
- 23 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




