Колония қоршауынан марихуана лақтырмақ болған ер адам ұсталды 

© vistanews.ru

Жамбыл облысында кептірілген марихуана лақтырмақ болған ер адам ұсталды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/7 түзеу мекемесінің жедел бөлімі қызметкерлері түскен мәліметтерге сәйкес, жедел іздестіру-шаралары барысында үйінде кептірілген марихуана сақтаған азамат құрықталды. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Талас елдімекеніндегі Б.Момышұлы көшесінде тұратын азамат бұл затты ЖД-158/7 мекемесінің негізгі қоршауы бойынша лақтыру үшін сақтағанын мойындап отыр», — делінген хабарламада.

Тексеру барысында бұл азаматтан өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар зат табылды. Жүргізілген сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша, осы зат (салмағы 1 келі 80 грамм) «кептірілген марихуана» екені анықталған.

tengrinews.kz

Comments are closed.

https://4store.com.ua/