- Advertisement -

Бақтар гүлдеді біздің қырдағы

96

- Advertisement -

жаңбыр жауды да, көктем жырлады

Біздің жақтың көктемі ерекше!
Әсіресе дүрия дала жасыл түске боянып, күннен-күнге құлпыра бастаған табиғат-ананың көркі көңіліңді сергітіп, жаныңды жадыратады.
көп тілеуі болар, наурыз, сәуір айлары жаңбырлы болды. Көнекөздер мұны Тәңірінің мейіріміне балап жүр. Өйткені биылғы қыс жұмсақ болды. қар өте аз жауды. жұрт «құрғақшылық болатын шығар» деп қауіптенген. Наурыз туа еріп, жылға-жылғамен ағып жататын қар суын көрмегеніміз де рас, енді, Міне, Есесіне екі күннің бірінде Әулиеатаның аспанын бұлт торлап, жаңбыр жауып тұр.
Кеше күн күркіреді! Тағы да қариялардың сөзі еске түседі: Көктем туғанда Алланың пәрменімен періштелер дабыл соғатын көрінеді. Бұл табиғат-ананы дүр сілкіндіріп, оятады екен…
Биыл жер төсі ерте көгеріп, көк ерте қылтиды. Қызғалдақтың гүл ашқаны қандай әдемі! Сезіміңді түртпектеп, бойға әлдебір желік бітіргендей ме? Бір қызығы, ғұмыры қысқа бұл нәзік гүл бар-жоғы 7 күн, кейде 15 күнге дейін гүл ашып тұрады екен.
Ендеше қаладан далаға шығыңыз, қырдағы қырмызы гүлдерге көз тойдырып, отбасыңызға демалып, серігіп оралыңыз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support