- Advertisement -

Студенттің өмірі…

66

- Advertisement -

Студенттің өмірі – ауыл жақты сағыну,
Универдің ішінде бар талапқа бағыну.
Сессияның кезінде, беріліп мол төзімге,
Кітапхана ішінен жиі-жиі табылу.

Студенттің өмірі – төрт жыл бойы сабылу,
Кей кездері қуанып, кей кездері жабығу.
Жетпей қалған балл үшін, білмегеннің бәрі үшін,
Сессияның кезінде апайыңа жалыну…

Студенттің өмірі – қызық-қызық бір асу,
Кітап ұстап қолыңа білім іздеп, қыр асу.
Оқытушыларды ұға алмаған сәттерің,
Соңғы курс келгенде қимастыққа ұласу.

Білім деген – құндылық, білім – алтын, пүліш қой,
Жақсы студент атану – ол да өзінше жұмыс қой.
Өзімізден де бәле бар, оқымаған адамның,
Алуға тиіс бағасы – әлсірген бір «үш» қой!

Ардақ Сапибулла,
М.Х.Дулати атындағы
ТарМУ-дың студенті.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support