АСТАНА. ҚазАқпарат — Сингапур Expat Explorer жариялаған жыл сайынғы сауалнама қорытындысы бойынша экспаттар үшін үздік ел атанды, деп хабарлайды Bloomberg.
Сарапшылар өз рейтингінде табыс деңгейін, өмір сүру сапасын ескерген.
Қорытындысында қала-мемлекет ең жоғары орынды еншіледі. Одан соң тізімде жаңа Зеландия мен Германия келеді. Канада мен Бахрейнге де бестіктен орын табылды.
Рейтингте ең жоғары жалақы алатын елдердің көшбасшысы Швейцария болып отыр. Бұл елде жұмыс істеуге келген шетелдіктерге жылына 202 мың доллардан төлейді. Оның ізінде АҚШ (185,1мың доллар), Гонконг (178,7 мың доллар) келеді.
Comments are closed.