- Advertisement -

Таразда көпқабатты үйдің шатыры ұшып кетті

195

- Advertisement -

Тараз қаласында көпқабатты тұрғын үйдің шатырын жел ұшырып түсірді.

«Таразда 24 сәуірде сағат 19.10-де қатты жел (жылдамдығы 25 м/с) салдарынан Сүлейменов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің 30 шаршы метр шатыры ұшып түсті (тұрғын үйдің жалпы ауданы 1 мың шаршы метр)», — делінген хабарламада. Құтқарушылардың айтуынша, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Еске сала кетсек, 24-25 сәуір күндері жел жылдамдығы күшейеді деп болжанғандықтан Жамбыл облысының аумағында ескерту жарияланды.

Дереккөз: inform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support