- Advertisement -

Қоршаған ортаны қорғау маңызды

59

- Advertisement -

Бүгінде облыс бойынша жинақталған қалдықтардың көлемі шамамен 65 мың тоннаны құрайды. Оның өңдеуге жіберілгені 8,3 мың тонна. Ал биыл облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қойылып отырған индикатор 15,1 пайыз болып бекітілген. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жоспар 9,2 пайыз болса, оның орындалуы 103,8 пайызды құрады.

Бүгінгі таңда аймақта тұрмыстық қалдықтар саласында 33 кәсіпорын жұмыс істеуде. Оның 22-сі Тараз қаласында орналасқан. Олар 124 арнайы техникамен қамтылған. Бұдан бөлек, 501 алаң 3961 контейнермен жабдықталған. Қалдықтарды бөлек жинау үшін контейнерлердің үш түрі орнатылған. Атап айтсақ, қоқыс алаңдарына 700 торлы, 106 жабық, 3155 қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер қойылған.

Аудан орталықтарындағы қалдықтар 5 компонентке, яғни пластмасса және пластикалық қалдықтар, пластикалық бөтелкелер, шыны, қағаз қалдықтары, қаңылтыр банкалар бөлу арқылы сұрыпталады. Жиналған қатты тұрмыстық қалдықтар престен өткізіліп, шикізат алу үшін Алматы мен Шымкент қалаларына қайта өңдеуге жіберіледі.

Басқарма тарапынан тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін шешу үшін өңірде инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда басқарма тарапынан «Hasanat group» компаниясы, «Байтақ болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Инсипром» және «Ecoplatform», «ТазаБиоИнвест» ЖШС-тері және «Еуразиялық қайта құру және даму» банкімен келіссөздер жүргізілуде. Бірақ бұл жұмыстардың келіссөздер деңгейінде қалуына басты себеп, бүгінгі таңда тарифтің төмендігі, тұрмыстық қалдықтардың салыстырмалы түрде аз көлемі, инфрақұрылымның дамымағандығы біздің өңірге инвесторлардың қызығушылығын тудырмауда.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Германия мемлекетінің өкілімен және Тараз қаласының әкімдігімен қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін дамыту бойынша бірлескен жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Ағымдағы жылы Тараз қаласында кезекті кездесу өткізіліп, өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Қазіргі уақытта жобаға қатысты ақпарат жинау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар Жамбыл облысына инвестиция тарту және инвесторлармен кездесу бойынша жазда Кореялық «Чанджо» компаниясының инвестициялық жобасы бойынша тұрмыстық қалдықтарды электр энергиясын алу арқылы қайта өңдеу жобасы ұсынылды. Бұл жобаға қатысты басқарма тарапынан тиісті ақпараттар жинақталуда.

Бүгінгі таңда облыста барлығы 163 полигон және қоқыс төгуге арналған орын жұмыс істеуде. Оның 5-еуі жекеменшікте болса, 158-і коммуналдық меншікте. Полигондардың барлығының қоршаған ортаға арналған эмиссияға рұқсаты рәсімделген.

Өткен жылы кездейсоқ 165 стихиялық қоқыс орны анықталған болатын. Жыл ішінде 138 қоқыс үйіндісі жойылып, 85 пайызды құраса, Тараз қаласы бойынша жиырмаға жуық қоқыс орны жойылмаған. Ол бойынша жауапты азаматтарға айыппұл салынған.

Ағымдағы жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ-ның ғарыштық мониторингпен қамту аймағы ұлғайып, бірнеше стихиялық қалдықтар орны белгілі болды. Осыған орай, оларды жою кестесі бекітіліп, қазіргі уақытта облыстық экология департаментімен бірлесіп қоқыс тастайтын жерлердің орналасқан жерін анықтау бойынша бірлескен рейдтер жүргізілуде.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support