- Advertisement -

Жаңа оқу жылына тарту

104

- Advertisement -

Қаратау қаласындағы Д.Қонаев атындағы мектептің салынғанына 70 жылға жақындапты. Содан бері осындай күрделі жөндеу көрмесе керек. Биыл Дінмұхамед Ахметұлының 110 жылдығын қазақ елі болып атап өтіп жатқанда, аудан басшылығы аса ірі мемлекет қайраткерінің есімімен аталатын білім ошағын күрделі жөндеуді ерте бастан қолға алып, құжаттарын рәсімдеуді мекемелер арқылы реттейді.

Талас ауданына жұмыс сапарымызды Қаратау қаласында өткен Димекеңді еске алу шарасына қатысып, күрделі жұмыстары аяқталып жатқан айтулы тұлғаның есімімен аталатын білім ошағынан бастағанымызды жақсылыққа баладық. Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Бекнұр Сатыбалдиев мамандығы журналист болған соң, Таласқа табан тіреп, келіп жататын журналистерді қайда апарып, қай жерді көрсетуді жақсы біледі. Жоғарыдан шешілетін мәселе болса, оның да орайын тауып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы биліктің назарын аударуға ықпал етуімізді сұранып жатады.

Сапарымызды аудан орталығынан бастаған соң, Қаратау қаласының әкімі Дархан Байымбетов қаланың тыныс-тіршілігін көрсетіп, бізбен жүруге де уақыт тапты. Қаратаулықтардың өздері сайлаған әкім болған соң да қалалықтармен қоян-қолтық араласып жұмыс істейтінін бірден аңғардық. Д.Қонаев мектебін жайнатып қойған білім ұясындағы тірлікті көруге келгенде мердігер мекеме – «Тараз Элит Строй» ЖШС жұмысшы-қызметкерлерімен емен-жарқын араласып, бір-екі күнде жұмысты толық аяқтап, жаңа оқу жылында шәкірттері мен мұғалімдеріне есігін айқара ашатын білім мекемесіндегі атқарылған күрделі жөндеу жұмыстары үшін ризашылығын жеткізіп жатты. Тапсырыс беруші – облыс әкімдігі білім басқармасының аудандық білім бөлімі болғандықтан, бөлім басшысы Мақсат Қазанғапов та жұмыс басынан табылды.

– 207 миллион 108 мың 791 теңгеге мектепті күрделі жөндеуден өткіздік. Жұмыс биылғы 6 мамырда басталды. 70 адамға дейін еңбек етті, жұмыс ертеңгілік сағат 9-дан кешкі 20-ға дейін жүргізілді. Жұмысшылардың 70 пайызын жергілікті тұрғындардан тарттық. Ешқандай мәселе туындаған жоқ. Аудан және қала әкімдері, тапсырыс беруші білім бөлімінің басшысы күнде келіп, жұмыс барысын бақылап отырды. Тапсырыс беруші тарапынан бекітілген жауапты маман күні бойы осында болды. Жаңа оқу жылы басталатын 1 қыркүйек күні Димаш атамыздың атындағы жаңарған, жаңғырған білім ошағы шәкірттерінің қуанышына толады, – деді мердігер мекеме өкілі, учаске бастығы Үсен Оқабеков.

 

Амангелді ӘБІЛ

Талас ауданы.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support