- Advertisement -

Грузиялық меценат Қазақстанға өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберді

26

- Advertisement -


Грузиялық меценат Қазақстанға өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Грузиядан Қазақстанға өкпені жасанды желдетуге арналған 10 аппарат жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өкпені жасанды желдету аппараттарының 10 жиынтығын қамтитын гуманитарлық жүк Тбилисиден Алматыға жетті. Оны «Грузияның индустриялық тобы» директорлар кеңесінің төрағасы Давид Бежуашвили жіберген.

Енді аппараттар Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелері арасында таратылатын болады.

«Қазақстан СІМ достас Грузия халқына, «Грузия индустриялық тобының» басшысы Давид Бежуашвилиге коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіреді», — делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратында.

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support