- Advertisement -

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА ЖАҢЫЛЫС БАСПА

299

- Advertisement -

Мұғалім оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруда жетекші рөл атқарады

Мектеп – оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы және үйлестіруші орталық. Білім алушыларға білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлайды.
Жыл сайын әлемде жаңа мамандықтар пайда болады. ХХІ-ғасырда жаңа мамандықтардың пайда болуы жаппай жұмыссыздықпен, бос орындардың тапшылығымен, жаңа технологиялардың қарқынды дамуымен және де жаһандық компьютерлендірумен тікелей байланысты. Осы орайда қазақстандық қоғамның қазіргі даму жағдайында мектеп оқушыларының кәсіби бағдары өзекті мәселелердің біріне айналды. Бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған талаптар күн сайын өсе түсуде. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады.
Кәсіби бағдар – білім алушының кәсіби қызығушылығына, жеке қабілеттері мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім алудағы және кәсіби саладағы мүмкіндіктерді, мамандықты және оқу орнын еркін әрі саналы түрде таңдау құқықтарын іске асыруда ақпарат беру және консультациялық көмек көрсету.
Оқу процесіндегі кәсіби бағдар – оқушыларға оқу процесі барысында мамандықтар туралы кеңес беру және оларды ақпараттандыру. Мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен икемділіктерінің деңгейі нақты оқу әрекетіне тікелей тәуелді. Жалпы білім беретін пәндердің оқу материалының мазмұны кәсіби бағдар беру мақсатында қолданылуы мүмкін. Мұғалім оқушыларға пән бойынша білім беруде мамандықты табысты игеруге қажетті білімді түсіндіреді. Мектеп оқушылары биология, химия, физика, тарих, әдебиет пәндері бойынша сабақтар барысында мамандықтар туралы негізгі ақпараттармен, еңбек ету жағдайымен, қоғамдағы орнымен, маңыздылығымен танысады.
Мамандық туралы жеткіліксіз білу – мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын жек көріп, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.
Мұғалім оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруда жетекші рөл атқарады. Оқушылардың болашақ кәсіби қызметіне, мамандығына психологиялық дайындық, кез келген мамандықты таңдауға қажетті жауапкершілік пен еңбекті құрметтеу сезімдерін тәрбиелейді
Мектептегі кәсіби бағдар жұмысына барлық ұжым болып кіріскенде ғана тиімді болады. Кәсіби бағдар жұмысы тек жоғары сынып оқушыларына ғана жүргізілуімен шектелмеуі тиіс. Бұл бастауыш сыныптан басталып, мектепті бітіргенше үздіксіз әрі жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Оқушылардың жас ерекшелігіне, олардың мамандыққа және еңбекке деген қызығушылықтарының қалыптасуы мен сабақ үлгерімінің деңгейіне, өмірлік жоспарлары мен құндылық бағдарларының айырмашылықтарына сай саралау, оқушылар мен олардың ата-аналары арасында жүргізілетін кәсіби бағдар беру жұмысының жаппай, топтық және жеке формаларының оңтайлы үйлестіру керек. Мектептің, отбасының, кәсіби оқу орындарының, жастарға кәсіби бағдар беру орталықтарының, қоғамдық және кәсіби жастар ұйымдарының, әлеуметтік серіктестердің өзара байланысы тиімді болмақ.
Оқушылардың еңбекке деген саналы қатынасын, тұлғалық ерекшеліктерін, қабілеттері мен қызығушылықтарын және өңір мен елдегі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі шеңберінде кәсіби өзін-өзі айқындауын қалыптастырып, кәсіби бағдар беруде болашақ мамандығы мен оқыту бейінін таңдауға, сонымен қатар болашақ кәсіби мансабын жоспарлауға қолдау көрсетуіміз керек.

Маржан МЫРЗАХМЕТОВА,
Төле би атындағы №8 гимназиясы директордың бейіндік оқу ісі
жөніндегі орынбасары.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support