- Advertisement -

Жамбыл облысында жолаушылар тасымалының сапасы сын көтермейді – көлік прокуратурасы

48

- Advertisement -

Соңғы 2 жылда автобустардың қатысуымен болған жол апаттарынан 30 адам қайтыс болған

zhambylnews.kz

Жамбыл облысының көлік прокуратурасы өңір ішінде жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету үшін жарияланған тендерлік байқау нәтижесін заңсыз деп тапты. Байқауда жеңімпаз деп танылған «Dim Dimich Company» ЖШС өз міндетін орындамаған. Бұл туралы аталған ведомствоның өкілдері хабарлады.

Аталған компания облыстағы 9 бағытта автобуспен жолаушылар тасымалдауы тиіс болған. Атап айтқанда, «Қаратау – Қасқабұлақ – Тараз», «Майтөбе – Тараз», «Көшек – Тараз», «Ойық – Тараз», «Амангелді – Тараз», «Аққұм – Тараз», «Қаратау – Тамды – Тараз» бағыттарымен күнделікті автобустар қатынауы керек. Алайда, компания басшылары не әкімдік алдындағы, не тұрғындар алдындағы міндетін орындамапты.

Көлік прокурорларының мәліметінше, облыста жолаушылар тасымалының сапасы сын көтермейді. Талапқа сай келмейтін автобустар жолға шыққандықтан адам өлімі көбейген. Мәселен, тек автобустардың қатысуымен соңғы екі жылда 64 жол апаты болса, одан 30 жолаушы қайтыс болған. Зардап шеккен жолаушылар саны жүздеп саналады. Облыс ішінде 79 бағыт бойынша автобустар күнделікті жолға шықса, олардың 29-да нормативтік-құқықтық актілер талапқа сай емес.

«105 автобустың жолаушыларды тұрақты тасымалына қызмет көрсету құқығының пайдалану мерзімі өтіп кеткен. «Саяхат-99» ЖШС «Тараз – «Үшқоңыр» автобекеті» маршруты бойынша медициналық және техникалық тексеруден өтпей тасымалдауды жүзеге асыра берген. Бұл ретте аталған тасымалдаушы облыс әкімдігі белгілеген бағыт пен қозғалыс сызбасын бұзып, «Сайран» автобекетінен (Алматы қ.) жолаушыларды отырғызуға жол берген», — деп хабарлады өңірлік көлік прокуратурасы.

Прокуратура автобус руліне отырған жүргізушілерді де біліксіз деп бағалап отыр. Өңірдегі жолаушы тасымалдайтын автобустардың көбі ескірген. Ескертпені елемеген соң құзырлы мекеменің ұсынысы арқылы Жамбыл облысы әкімдігі тасымалдаушы 14 компаниямен келісімшартты бұзған.

azattyq-ruhy.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support