- Advertisement -

Қордай қақтығысы: полицейлерге күш көрсеткен ағайынды үш жігіт ұсталды

57

- Advertisement -

7 ақпанда Қордай ауданына қарасты Масаншы, Сортөбе және Ауқатты ауылдарында жаппай қақтығыстар болып, 11 адам қаза тапқан болатын

Фотоколлаж: Inbusiness.kz

Қордай ауданында полицейлерге бағынбай, оларға күш көрсеткен жергілікті тұрғындар ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.

7 ақпан күні тәртіп сақшылары Сортөбе ауылында Л.Воингуй есімді азаматтың иелігінде болған Honda Odyssey автокөлігін тоқтатқан.

«Автокөлікті жүргізушісінің құжаттары өзімен бірге болмағандықтан Л.Воингуйді полицейлер полиция бөлімшесіне алып бармақ болған. Алайда, ол тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбай, өзінің үйіне қарай жүріп кеткен. Кейін өзінің ағайындарымен бірге заң өкілдеріне күш көрсетті. Бұл сәттің видеожазбасы әлеуметтік желілерде тараған», — делінген аталған хабарламада.

Аталған жайт бойынша Бас прокуратураның арнайы прокуроры ҚР Қылмыстық кодексі 380-бабының 1-тармағы (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізген. Күдікке ілінген ағайынды үш жігіт өздеріне тағылған айыппен келіскен және қамауға алынған. Іс 14 ақпан күні Қордай аудандық сотына жіберілді.

Еске салайық, 7 ақпанда Қордай ауданына қарасты Масаншы, Сортөбе және Ауқатты ауылдарында жаппай қақтығыс болып, 11 адам қаза тапқан еді. Аталған оқиға алдында әлеуметтік желілерде дүнген диаспорасы өкілдерінің полицейлерге күш көрсеткен видеосы тарап, артынша халықты бас көтеруге үндейтін аудио және видеоүндеулер жарияланды.

azattyq-ruhy.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support