- Advertisement -

Мұқағали мектебіндегі кеш

128

- Advertisement -

Есет ДОСАЛЫ

Мұқағали Мақатаев атындағы №14 орта мектепте ақиық ақынға арналған әдеби поэзиялық бұрыш ашылып, «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін…» атты еске алу кеші өтті. Мектеп директоры Закура Нұрбалтаева аңыз ақынның өмір жолына, шығармашылығына тоқталып, тұлға жайлы сыр шертті. Іс-шараны жас ақын Мәулен Жаппасбаев жүргізіп отырды.
Әуелі бейнеролик көрсетіліп, ақынның өмір жолынан естеліктер айтылды. Мектеп оқушылары ақиық ақынның «Менің анкетам», «Бесік басында», «Шеше, сен бақыттысың», «Көшеде», «Арыз жазып кетейін…», «Халық үні», «Отан», «Шындық туралы» өлеңдерін жатқа оқып, қара өлеңге деген құлшыныстарын байқатты. Жырға құштар бүлдіршіндерді көргенде «Мұқағали мектебінің оқушылары осындай болуы керек қой», деп қуанып отырдық.
Осы мектептің шәкірті Әмір Қайсарұлы «Мұқағали ақынға» атты арнау да жазған екен. Іс-шарада сол өлеңін оқып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Келесі сәтте жас ақын Арайлы Жақсылық биыл ақиық ақын жайлы біраз ізденгенін айтып, Мұқағалидың қазақтың қара өлеңімен шектелмей, шетелдің таңдаулы ақындарын аударғанына таңданысын білдіріп, ақынды құрметтеген білім ордасына алғысын білдірді. Ал мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Меруерт Тілегенқызы мектеп ұстаздары мен оқушыларының қол жеткізген жетістіктерін тілге тиек етіп, осы білім ордасында оқитын немерелері Мұқағалидың жүзге жуық жырын жатқа білетініне тоқталды.
Биыл ақиық ақынның туғанына 89 жыл толды. Іс-шараны қорытындылаған мектеп директоры Закира Кеңесбайқызы келесі жылы М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай бірнеше жоспар жасап отырғанын айтып, келген қонақтарға алғысын білдірді.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support