Жылыту маусымы 18 қазанда басталады

– Бүгінде жер үйде тұратындар от жаға бастады. Ал қаладағы көп қабатты тұрғын үйлер тұрғындары мұндай мүмкіндікке ие емес. Жалпы, қалаға қашан жылу беріледі?
Күлзипа ЖАМПОЗОВА,
Тараз қаласының тұрғыны.

– Қазақстан Республикасының азаматтық ғимараттардың электр энергиясын тұтынуы мен жылу сақтауына қатысты нормативтік-техникалық құжаттарының талаптары мен санитарлық нормаларына сәйкес, облыс бойынша жылыту маусымы сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасының тұрақты +8 С және одан да төмен болуы жағдайына байланысты басталады. Әзірге ауа райының осы шектен аса суытуы байқалмауда.
Жалпы, тиісті құқықтық-нормативтік құжаттарға және құрылыс нормаларына сәйкес өңіріміздегі мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандарда жылыту маусымының ұзақтығы 164 күнді құрайды. Яғни 18 қазаннан 1 сәуірге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Ал емханаларда, медициналық мекемелерде, интернаттарда, мектепке дейінгі мекемелерде 180 күнге дейін жалғасады.
Құдайберген ҚОРҒАНБАЕВ,
облыс әкімдігі энергетика және коммуналдық тұрғын үй шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары.

Comments are closed.

https://4store.com.ua/