- Advertisement -

Тіл – қоғамды біріктіруші басты күш

40

- Advertisement -

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында өте өзекті мәселелер көтерілген. Бұл Жолдау әлеуметтік мәселе – мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін тағы бір дәлелдеп отыр.
Жолдауда мемлекеттік тіл мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Тіл – қоғамды біріктіруші, түрлендіруші басты күш. Енді ол әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа инновациялық жаңалықтарының жарқын айнасына айналуы керек. Ол үшін біз Президенттің сөзімен айтқанда «…жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек». Мемлекеттік тілдің рөлін күшейту – әрбір азаматтың жеке бәсекелестікке қабілеттілігінің, мансаптық өсу мен қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуының маңызды факторына айналуы тиіс.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде терең зерделей отырып, білім саласында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен бастап жоғары оқу орындарына дейін ғылым негіздері қатарына кіретін пәндер ретінде оқытуды бүгінгі әлеуметтік орта мен қоғамдық өмір қажет етуде. Қазақ тілі – мемлекеттің тірегі. Сондықтан да еліміздегі өзге ұлт тілінің дамуына да жетекшілік жасауы қажет. Бұл жолда ең алдымен мемлекеттік тілдің бәсекелестікке қабілетті қызметіне дем беруіміз қажет.
Қазіргі таңда мұғалімдердің кәсіби жетілуін ынталандыру қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтқан сөзі мұғалімдердің жұмысына үлкен серпін берді. Мемлекет басшысы ұстаздар мен оқушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту шараларын қолға алу керектігін баса айтты. Осыған байланысты, жыл сайын жоғарғы оқу орындарына түсе алмаған мектеп түлектеріне қабілеттерін айқындайтын кәсіби бағыт-бағдар беру туралы ел Үкіметіне нақты тапсырмалар берілді.
Жолдауда айтылған халықпен тиімді кері байланыс орната білу ұсынысы көптің көңілінен шықты. Басына іс түссе де, басшыға бармайтын, басы ауырса да, бақсыға бармайтын халықтың шенеуніктерге деген «Жабық саясатына» байланысты сенімдері өзгеретін болды. Мемлекет басшысының мемлекеттік органдарына айтылған бұл сыны, әділетсіздікке ұшырағандардың үздіксіз шағымдануы – ондағы жүйелі проблемалардың орын алып жатқандығының дәлелі. Халықтан келіп түскен өтініш-шағымдары бойынша жұмысының, іс-әрекетінің сапасын бақылап-қадағалайтын арнайы бөлімдер құру бастамасы проблемадан шығудың кілті екенін баса көрсетті.
Қорыта айтқанда, бұл Жолдау – біздің бағыт бағдарымды айқындап, ертеңге деген сенімімізді молайта түсті. Елімізді тыныштықтан, бірліктен айырмасын! Сонда біз бәрін де жасаймыз! Президент айтқандай, бірлік пен татулықтың арқасында жас мемлекетіміз өркенді және дамыған ел болатынына сенімім мол.

Базарбай ДҮЙСЕМБАЕВ,
облыстық «Дарын» мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support