«Іздеп жүрген байлығым — ол балалық»

Келеді атам төмен қарап жанары,
Әлденесін жоғалтқандай шарқ ұрып,
Денесін де көтермейді жоғары,
Білгім келіп сауал қойдым талпынып.

«Жүрсің неге жерден алмай көзіңді,
Қазынаңды жоғалттың ба тым құнды?»,
Сұрақ арты кінәладым өзімді,
Ал атамның жанарында мұң тұрды.

Күрсінумен біраз тұрып ойланып,
Терең сөзбен жауап берді даналық.
«Уысыңа қонбайтұғын айналып,
Іздеп жүрген байлығым ол – балалық»

Аташымның жауабы осы өрелік,
Жас іркілді сырға толы көзінде.
Тұрғаны анық нәзік жаны бөленіп,
Тек өзіне түсінікті сезімге.

«Таппай жүрген жастығыңды аңсасаң»
Төменге емес маған қара ендеше.
Деп қайырдым сөзге жүйрік әрқашан
Тапқырмыз ғой, алмайды ешкім теңдесе.

Өмірді сүй, кері қарай тартпағын,
Күллі әулетің бір сен үшін алаңдар.
Абыз жандар, қазыналы қарттарым,
Балалығым – немерем деп санаңдар.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ.

Талас ауданы.

Comments are closed.

https://4store.com.ua/