- Advertisement -

Болашағымыз біздің шешімімізге байланысты

52

- Advertisement -

Жаһанда алаңдатарлық түйткіл көп. Әлемде түрлі экономикалық, әлеуметтік қиындықтар туындауда. Барлық салада дамудың жаңа тетігі іздестірілуде. Тың серпілістің кезегін күткен тоқырау кезеңі барлық елге өз салқынын тигізуде. Қазақстандық қоғамды да алаңдататын осы жағдайлар. Бұл мәселелердің барлығы жақын болашақта өз шешімін табатынына сенім мол.
Міне, осындай кезеңде тәуелсіз елімізге ертеңін айқындап алу өте қажет. Биліктің ауысуының бейбіт жағдайда өткенін көңілге медет санап отыра беруге болмайды. Мемлекет өзінің ішкі-сыртқы саясаттағы ұстанымының нық екенін көрсету үшін де бізге осындай маңызды шешімді жедел қабылдау керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауы Конституцияға сай жүзеге асырылатындығын атап өтті. Халықтың таңдауымен Ата Заң бойынша жаңа Президент сайланады.
Ұлтымыздың болашағын ойлап, еңселі ел боламыз десек, ішкі тұрақтылықты сақтауға тиіспіз. Әр қазақстандықты алдағы өтетін сайлауға жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Өйткені қашанда бәрінен биік тұратын ел болашағы сіз бен біздің таңдауымызға байланысты болатыны анық. Дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін аянбай жұмыла еңбек етуіміз шарт. Бұл мақсатты іске асыру үшін Президент сайлауында Мемлекет басшысын сайлап, алдағы бағыт-бағдарымызды нақтылап алуымыз қажет. Мұндай маңызды шешім қабылдарда бізге керегі – ел ішінде саяси-экономикалық тұрақтылық пен қоғамдық келісім және бейбітшілік.

Болат САТЫБАЛДИЕВ,
аудандық қоғамдық
кеңестің төрағасы.

Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support