- Advertisement -

Ана

50

- Advertisement -

Ана, сен тіршіліктің тірегісің,
Ана, сен мына әлемнің жүрегісің.
Мақсатым орындау ғой арманыңды,
Ана, сен сол ойымды білемісің.

Сүрінсем, ана сен деп түрегелем.
Жүрекке анам – шипа, тірек – өлең.
Сен барда қиындыққа бой берместен,
Шалқып-тасып өмірді сүре білем!

Қырандай баптадың ғой балаңды, ана,
Мәлім ғой жырым, сырым саған ғана.
Сен барда сөнбек емес жарық күнім,
Мен барда ештеңеге алаңдама.

Жарамас мен өзіңнен бата алмасам,
Жарамас жақсы адам атанбасам.
Жарамас жалғанды бұл басып жүріп,
Мен сені Меккеге бір апармасам…

Бейбарыс СӘКЕНҰЛЫ,
11-сынып оқушысы.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support