- Advertisement -

Келіңіз,оқып көріңіз!

58

- Advertisement -

Ұлыстың ұлы күнінде атқарылатын ойын-сауық пен дәстүр, жоралғылар көп-ақ. Олардың қатарында наурыз-жұмбақтары да бар. Осы орайда біз оқырмандарымыздың назарына бірқатар наурыз-жұмбақтарды ұсынғанды жөн көріп отырмыз.

Алты арқар, жеті қаз, төрт бөдене,
Кейде толы, кейде орта бір тегене.
Тұнық пенен лайдың арасынан,
Бір аққу шыға келді құсқа төре.
(Жауабы: Үркер, Жетіқарақшы, Босаға жұлдыздары, айдың толық және орта кезі, күндіз бен түн, жаңа шыққан күн).

Атасы мен анасы,
Үш жүз алпыс бес баласы,
Он екі ауыл шамасы,
Отыз ор дуадақ,
Бес сан балақ,
Елу екі қарақшы.
(Жауабы: Күндіз бен түн, жыл тәуліктері, жылдың айлары, айдың күндері, жыл соңында артық қалып «бес қонақ» деп аталатын бес тәулік, жыл ішіндегі апталар).

Жапанда бір айдаһар білесің бе?
Жаны жоқ қимылдарға денесінде.
Ішінде сүйектері бақша-бақша,
Жарқырар жалғыз көзі төбесінде.
(Жауабы: Киіз үй)

Көтерейін десем ауыр кілем,
Көтермейін десем тәуір кілем.
(Жауабы: Жер)

Алты ала қасқыр.
Алты бала қасқыр,
Алтауының жегені бір таз тырна,
Таз тырнаны кішкене дейін десем,
Асықты жілігі алты қанат үйге,
Тіреу болып тұр.
Үйді кішкене дейін десем,
Алты атанға артқанда,
Бір буда уық, бір буда ши қалып тұр.
Атанды кішкене дейін десем,
Аспанмен тілдескен бәйтеректің
Бүрін жеп тұр.
Бәйтеректі кішкене дейін десем,
Таңертең ұшқан тұрымтай,
Кешке басына әрең жетеді.
Күнді қысқа дейін десем.
Таңертең қашқан сиыр,
Кешке бұзаулайды.
(Жауабы: Қыс, жаз, тәулік, көк күмбезі, жыл санатынан артылған «бес қонақ» тәуліктері, Күн, жыл).

(Интернет арқылы дайындалды).

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support