- Advertisement -

КӨПТІҢ ТІЛЕГІ ҚАШАН ЕСКЕРІЛЕДІ?

43

- Advertisement -

Мойынқұм ауданы облыс орталығынан ең шалғай орналасқан аудан екені баршаға мәлім. Расын айту керек, мұндағы елді мекендердің арасы тым алыс. Мәселен, аудандағы Мыңарал, Шығанақ сынды ауылдарға жету үшін бірнеше сағатыңды сарп етуге тура келеді.

Ал осы екі аралықтағы жолдың жайы айтпаса да белгілі. Оған Мойынқұмнан Шу ауданына қатынайтын автокөлік жолын қосыңыз. Осы орайда, шалғайдағы Мыңарал, Мирный сынды ауылдық округтердің тұрғындары Шу ауданына «Қала маңындағы тасымал» акционерлік қоғамына қарасты «Шу-Мыңарал» пойызы арқылы қатынайтынын айта кеткен жөн. Бұл пойыз таңғы сағат 6.35-те Мыңарал стансасынан шығып, жол бойы Шудағы Бірлік, Жиделі стансаларының тұрғындарын жинап, сағат 11.10-да Шу қаласына жетеді. Қаладағы жұмыстарын бітіргеннен кейін, түс қайта сағат 15.15-те дәл осы пойызға қайта отырып, кешкі сағат 19.50-де Мыңарал стансасында болады. Бұл екі ауданның арасындағы тұрғындар үшін өте қолайлы қатынас құралы.
Ал бүгінгі таңда қос бірдей ауданның тұрғындарын Шу ауданынан Тараз қаласына қатынайтын «Шу-Тараз» бағытындағы пойыздың тоқтап қалуы алаңдатып отыр. Облыс орталығына қатынайтын көліктердің бағасынан 3-4 есе арзан болған бұл пойыз екі ауданның тұрғындары үшін де тиімді еді. Оған деген сұраныс та уақыт өткен сайын артып келе жатқан. Алайда жыл басынан бері аталған пойыз белгісіз себептермен өз жұмысын тоқтатты. Мойынқұм ауданының тұрғындары Шу қаласына бір жарым сағаттың көлемінде жетіп, ары қарай дәл осы пойызбен қатынауды жөн көретін. Өйткені Шу ауданы мен Тараз қаласының арасындағы жолдың жайы бәріне мәлім. Сондықтан да «Шу-Тараз» бағытындағы қалааралық пойыздың тұрақты қатынауына қос аудан тұрғындары да мүдделі. Осыған байланысты, алдағы уақытта мыңдаған тұрғындардың тілегі ескеріліп, халық сұранысы қанағаттандырылса дейміз…

Айдаркүл ҚОРАЛАСОВА.

Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support