- Advertisement -

Волейболдан сынға түсті

38

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай құқық қорғау органдары мен құрылымдық күштер қызметкерлері арасында волейболдан облыстық жарыс өткізілді. «Тараз – Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылған осынау аламанға ұзын саны тоғыз команда қатысып, жарыс көркін қыздыра түсті. Турнирда бақ сынаған командалардың барлығы да жақсы ойын өрнегін көрсетуге тырысып бақты.
Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ҚР ҰҚК облыс бойынша департаменті бірлесіп өткізген додаға қатысқан барлық ұжым жақсы дайындықпен келгені аңғарылып тұрды. Алайда, «жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бұл күні №2035 ә\б ҚР ҰҚК Шекара қызметі командасының жұлдызы жарқырады. Қарсыластарынан айласын асыра білген олар бірінші орынға лайық деп танылса, ҚР ҰҚК облыс бойынша департаментінің құрама командасы жүлделі екінші орынды иеленді. Үздік үштікті полиция департаментінің жігіттері қорытындылады.
Жарыс аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар үздік шыққан командаларды құттықтап, дипломдар мен кубоктарын табыстады.
Жайшылықта қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін азаматтарды спортқа аса жақын деп ойламауыңыз мүмкін. Бірақ бұл күні құқық қорғау саласының қызметкерлері керемет ойын үлгісін көрсетті. Сол арқылы өздерінің спортты бабы қашанда жоғары екенін аңғартқандай болды.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support