- Advertisement -

Есірткінің жолын кесуде қолға алынған жұмыс көп

105

- Advertisement -

Биыл 10 айда облыс бойынша қылмыстық есірткі мен құқық бұзушылықтың 693 дерегі тіркелді. Анықталған жалпы есірткі құқық бұзушылықтар бойынша мынандай қылмыстық іс қозғалды: 118 есірткі сату, 61 аса ірі көлемді есірткі затын сақтау, 13 өсіру және 4 ұясын құру дерегі. Арнайы бөлімшенің шекара қызметімен бірлескен іс-шарасы нәтижесінде есірткі контрабандасының 47 дерегі анықталды. Ағымдағы жылда заңсыз айналымнан барлығы 1 тонна 621 килограмм 335 грамм әртүрлі есірткі заттар тәркіленді, оның ішінде «марихуана» 1 тонна 498 килограмм 118 грамм 5 миллиграмм, «гашиш» 114 килограмм 316 грамм 42 миллиграмм және «героин» 8 килограмм 938 грамм 05 миллиграмм.
Облыстық полиция департаметінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық полиция департаментінің бастығымен бекітілген кесте бойынша жергілікті полиция қызметі, білім, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, туризм басқармаларымен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестікте жоғары және орта оқу орындары студенттері арасында, сондай-ақ ата-аналар үшін нашақорлық профилактикасына бағытталған 387 түрлі іс-шара жүргізді. Сонымен қатар 188 дәріс оқылды, 45 кездесу, 18 спорттық іс-шара және 15 семинар, 15 конкурс, 10 флешмоб, басқа да 45 әртүрлі шара өткізілді.
Мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы 29 дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Біздің басқарма қызметкерлері кәмелетке толмағандар мен жастар арасында, жалпы білім беретін мектептерде, жоғары және арнаулы оқу орындарында нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Есірткісіз өмір», «Есірткіден бас тартқанның денсаулығыңа салғырт қарамағаның», «Болашақ есірткісіз болғанын қалаймын» сонымен қатар, «Салауатты өмір салты», «Нашақорлыққа, темекіге, ішімдікке жол бермейік – жастар!» атты тақырыптарында акциялар жүргізуде.
Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасымен үкіметтік емес және волонтерлық ұйымдармен, денсаулық сақтау, мәдениет, білім, туризм, дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат басқармалары өкілдерінің қатысуымен бірлесіп, есірткіге қарсы 23 түрлі акция өткізілді, оған 18 мың 308 адам қатысты. Оқушылар, студенттер тағы да басқа жастармен кездесу, есірткіге қарсы түрлі шараларды ұйымдастыру дәстүрге айналған. Оны ұйымдастыруға облыс әкімдігінің ішкі саясат, білім басқармаларының қызметкерлері, жастар қозғалысының белсенділері және нашақорлық жағдайына немқұрайды қарамайтындардың бәрі тартылады. Ай сайын мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен нашақорлық профилактикасы арқылы өзара ақпарат алмасу бойынша кездесулер өткізіледі.
Акцияның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып алдын алу. Сонымен қатар облыс аумағында көңіл көтеру және жастардың жаппай демалыс орындарында, жедел көңіл бөлу орындарында есірткі құралдарын пайдалануға және оны сатуға жол бермеу мақсатында 83 рейдтік тексеріс өткізілді және ұйымдастыру барысында төмендегі іс-шаралар атқарылды. Жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушулық туралы» кодексінің 441-бабы, яғни қоғамдық орындарда темекі заттарын (оның ішінде қорқор) тұтыну бойынша 107 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Ойын-сауықтару мекемелерінің иелері мен әкімшілеріне қатысты жергілікті атқарушы мекемелер мен «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушулық туралы» кодексінің 199-бабына сай іс-шаралары қабылдануда. (Қазақстан Республикасы заңнамасының темекi және темекi бұйымдарын сату, темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету жөнiндегi, сондай-ақ темекi бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндiру, сату және тарату жөнiндегi талаптарын бұзу).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің 2013 жылғы 14 наурыздағы №6 қаулысының «қоғамдық орындарында қорқор тұтыну тыйым салу туралы» және «Ел денсаулығы мен денсаулық сақтау туралы» кодексінің 159-бабының 5-бөлігіне сай, қорқорды қоғамдық орындарында шегуге тыйым салынғаны туралы Тараз қаласының ойын-сауықтыру мекемелеріне 112-ақпараттық парақтар таратылды.
Рейдтік тексеріс барысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушулық туралы» кодексінің 422-бабы (есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізудің және (немесе) медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге) бойынша – 2 дерек әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.
Есірткі заттарын, психотроптық және оларға ұқсас заттарды сайттар, блоктар және әлеуметтік желілер арқылы анықтау мен тарату деректерінің жолын кесу үшін ғаламтор желісінде күнделікті мониторинг жүргізу туралы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, бізбен ғаламтор желісінде мониторинг жүргізіліп тұрады.
2018 жылдың қаңтарынан бастап қазан айы аралығында күнделікті мониторинг жүйесі арқылы синтетикалық есірткі заттарын ғаламтор кеңістігінде таратумен айналысты деген күдікпен 4 ғаламтор сайты анықталды.
Биылғы мамыр айынан бастап Тараз қаласында жүргіншілер жолдарында, қоршау және үй жақтауларында «Telegram» қосымшасына тіркелген «Работа@TRZwork, «СП МУКА КРИС, а/ж айына 130 мың теңгеден» және «@SoltanTRZ» деген жазбалар пайда бола бастады, бүгінде бұл ғаламтор сайттарының жұмысы тоқтатылды.
Облыстық полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жергілікті полиция қызметі, «Жасыл ел Тараз» қызметкерлері және «Тараз жастары» жастар бірлестігінің қатысуымен қаламыздың аумағында 130-ге жуық жазбаларды жоюға бағытталған ауқымды шаралар жүргізілді.
Сонымен қатар аталған жазбаларды салғаны үшін «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексіндегі (Есірткі заттарын заңсыз жарнамалау) 423-бабының санкциясы бойынша 150-ден 700 айлық есептік көрсеткіш айыппұлы қарастырылған (360750 теңгеден 1 683500 теңгеге дейін).
Бұқаралық ақпарат құралдарында 642 материал жарияланды, оның ішінде телеарналарда – 98, радиода – 38, мерзімді басылымдарда 265 материал жарық көрді, 241 материал ғаламторға жолданды.

Асхат АЛМЕТОВ,
облыстық полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы, полиция полковнигі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support