- Advertisement -

Бизнеске бейім жастар белгілі болды

87

- Advertisement -

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен колледж студенттеріне арналған бизнес-клубтардың арасында өз жобаларын қорғау байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында белсенді өмірлік ұстаным, ақпараттандырылған шешімдерді қабылдау, жауапкершілікті қалыптастыру, бизнес-идеяларды тудыру және оларды кәсіпкерлік әрекет деңгейіне дейін дамыту әрекеттеріне басымдық берілді. Шараны техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы ұйымдастырды.
Байқау қорытындысы бойынша студенттер арасында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Байқозы Баққалиев бірінші орынды иеленсе, екінші жүлдеге «Тараз-Сервис» технологиялық коледжінің студенті Насиба Жаңабаева лайық деп танылды. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Ілияс Үшкенов үшінші орынды қанағат тұтты. Оқушылар арасында Тараз қаласындағы №46 орта мектептің оқушылары Нұрлыбағым Құдайберген мен Арайлым Ершеева жеңімпаз деп танылды.
Жоба жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталып, сертификаттар табысталды.

Е.Тасыбай.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support