- Advertisement -

Тараздағы «Ауыл-Береке» базарында киім-кешек бутиктері өртенді 

120

- Advertisement -

Таразда «Ауыл-Береке» базары өртенді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде өрттің видеосы пайда болды.

Тілсіз жау бірнеше контейнерді шарпыған. Тауарларын құтқаруға тырысқан саудагерлер оларды көшеге тасыды. Тауарлардың басым бөлігі киім-кешек.

Реклама 12

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, киім сататын тоғыз бутик жанып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, өрттің аумағы — 700 шаршы метр. Өрт сағат 09.47-де ауыздықталып, 10.01-де сөндірілді.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Жамбыл облыстық ТЖД-дан 49 адам мен 10 техника жұмылдырылды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


© ҚР ІІМ ТЖК

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support