- Advertisement -

Қазақ сөз өнерінің Күреңбай сынды сыншысы

562

- Advertisement -

Тәуелсіздік — адамның ақыл-ои жетістіктерінің кең қанат жаюына мүмкіндік беретін парасат кеңістігі. Тәуелсіздіктің осындаи кеңістігінде туған халқының ежелден қалыптасқан ата-бабалық ддстүрлерін ғылыми-эстетикалық, танымдық түрғыда қарастыруды мүрат түтқан шығармашылық түлғалардың еңбектері — үлттық өрлеудің көрсеткіші. Қазақ әдебиеттануы ғылымының 1991-2018 жылдар арасындағы осындай үлттық сипатпен өркендеуінде көптеген ғалымдарымыздың еңбектерідаралана көрінеді. Бүл — ешқандай кезеңдік өткінші идеологиялық үрандарға қосыл- майтын, мәңгілік түғырнамасы мызғымайтын ғылыми концепция. Үлттық ждне длемдік әдебиеттану ғылымының тиянақты қағидаларын үстанған осындай көрнекті ддебиетші-ғалымдарымыздың бірі — жанғара дддебаев.

¥лттық эдебиеттану ғылымына ХХ ғасырдың 80-жылдарының басында келген Жанғара бұл күнге дейін ғылыми-зерттеушілік, қоғамдық- әлеуметтік қызметтердің біраз белестерінен өтті. Университеттің студенті, аспиранты, кандидаттық, докторлық диссертация қорғауы, доценттік, профессорлық, кафедра меңгерушісі, Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының директоры, әл- Фараби атындағы ҚазМУ-дың филология факультетінің деканы, осы жоғары оқу орнының оқу ісі жөніндегі бірінші проректоры, Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры сынды лауазымдық қызметтері — Жанғара жүріп өткен белестердің көрсеткіштері. Оның қазақ тарихындағы орны, биік сападағы адамгершілік тұлғасы мен ғалымдық еңбектері арқылы белгіленетіні — уақыт шындығы.

Жанғараны бала кезінен білетін белгілі ғалым-ұстаз, еңбек ардагері Қаламқас Қасабекқызы ол туралы тебірене сөйледі:

— Жанғара бүлдіршін кезінен- ақ өте салмақты мінезімен ерекшеленетін. Өзімен қатар балалармен бірге күні бойы асыр салып ойнауға тым әуестенбей, көбіне кітапқа үңілетін де отыратын. Мектеп кітапханасындағы көркем әдебиет шығармаларын тауысқасын, аудан орталығындағы кітапханаға арнайы барып жазылып, оқырмандық ізденісімен мектебіне әйгілі оқымысты оқушы болды. Оның оқып жүрген кітаптары әр алуан болып келетін. Көбіне, тарихи тақырыптағы көркем шығармалар болып келетін-ді…

Кітап оқуға деген шексіз құмарлық әдебиетші мамандығына деген қүштарлықты оятқан қозғаушы күш еді. Бүл қүмарлық пен қүштарлық арманшыл жасты арнаулы жоғары білім алу талабына жетеледі. Жанғараның жаны сүйген филология мамандығына тиянақты білімінің, табанды күш-жігерінің арқасында нағыз күрескерлікпен түскені — сол кезеңнің ащы шындығы. Орта мектептегі балдәурен балалық шақ! Жанғараның арманшыл асау жүрегі өзін қоршаған ортаның ғажайып сырлы, нүрлы сипатына елти елжіреп, қүштарлықтың романтикалық әсерімен қуаттанып, шабыттанып жүретін-ді.

Әсіресе оқушылық, студенттік жылдардан бастап халқының арғы-бергі тарихын түтастырып түрған рухани мәдениетке арналған ауызша мүраларды және жазбаша жәдігерліктерді білуге деген ішкі жан дүниесіндегі қүштарлық оты түтана бастаған-ды. Осылайша балдәурен жылдардағы кітапқа қүмарлықтан басталған дүниетаным бағдары одан кейінгі өмір белестерінде Жанғараның рухани мәдениетті зерделеудегі өзіндік көзқарастар жүйесін қалыптастырды. Әдебиеттану ғылымы аясында тарих, этнография, фольклортану, сихология, педагогика, философия, ейнелеу өнері сынды өзекті

салаларды өзара бірлікте ала отырып қарастыру — ғылымдар синтезі үлгісіне үстанатын зерттеушіліктің күрделі дәстүрі. Бүл — сонау әрідегі Әбу- Насыр әл-Фараби, Әбу-Ғали ибн Сина, Әбу-Райхан Бируни және т.б. Орта Азиядағы үлы түлғалар мен берідегі Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтүрсынүлы, Мүхтар Әуезов, Әлкей Марғүлан, Қажым Жүмалиев, Әуел- бек Қоңыратбаев, Бейсенбай Кен- жебаев, Зейнолла Қабдолов, Түрсынбек Кәкішев сынды ғалымдар үстанған жол. Әлемдік өркениеттің дамуындағы рухани мәдениетті игеруде белсенді ықпалды сипатымен ерекшеленетін осы бағдарды үстанған Жанғараның ғылыми-зерттеушілік шығармашылығы қазіргі уақытта үлттық әдебиеттану ғылымында өзіндік сипатымен даралана айқындалып отыр.

Жанғараның ғылыми-зерттеу еңбек- тері әдебиет, фольклор, этнография, тарих, психология, педагогика, философия ғылымдарының қағидалары үштасқан, тоғысқан сипатымен танылады. «Шымырлап бойға жайылған» (1985), «Ғабиден Мүстафин» (1989), «Өмір шындығы және көркемдік шешім» (1991), «Түс аяны» (1992), «Түлпардың сыны мен бабы» (1994), «Бөлтірік Әлменүлы және қазақ шешендік өнері»

  • , «Мүхтар Әуезов» (19^9), «Атыңнан айналайын, Әулиеата»
  • , «Атилла» (1999), «Алаша хан»
  • , «Талас өлкесінің аңыздары»
  • , «Білге бүдын Тәңірқүт»
  • , «Ғылымның қазысы» (2002), «Ақын нүры» (2002), «Істемі қаған»
  • , «Адам ата» (2003), «Жазушы еңбегі» (2003), «Аңыз бен ақиқат»
  • , «Менің университетім» (2007) және т.б. іргелі зерттеулерінен оның энциклопедиялық ғылыми шығарма- шылық ойлау кеңістігі аңғарылады. Бүл түжырымымызды Жанғараның аталған еңбектерінің әрқайсысын жеке-жеке оқып саралау барысында айқын танимыз.

Зерттеушінің «Өмір шындығы және көркемдік шешім» (1991) атты монографиясы — сөз өнері мүраларын тектес ғылымдардың бірлігінде қарастырудың шынайы үлгісі. Кітапта М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы, І.Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда», Ә.Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң», М.Мағауиннің «Аласапыран», С.Сматаевтың «Елім- ай!», қырғыз жазушы Т.Қасым- бековтің «Сынған қылыш», қарақалпақ жазушысы Т.Қайыпбергеновтің романдарына негіз болған тарихи деректіліктің көркемдік жинақтауымен өрілуі ғылыми сараланады. Шежірелер, жылнамалар, тарихи- әдеби очерктер, мемлекетаралық дипломатиялық қүжаттар және т.б. сан алуан материалдардың көркем шығармалар авторларының қиялдауымен, интуициясымен көркем тіл кестесімен қорытыла, мүсінделе келе эстетикалық өрнек тағылымын жасайтыны бағаланады. Сонымен қатар зерттеуші аталған романдар- дың көркемдік қүрылым жүйесіндегі «халықтың дәстүрлі мәдениетіне тән әдеп өлшемдерінің» көркемдік қызметін де әдеби-этнографиялық

тұрғыда зерделейді. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолындағы» Бөжейдің қаралы көшін суреттеуі Н.Катановтың, А.Диваевтың, Х.Халидұлының этнографиялық очерктерімен салыс- тырылады. Абай тобындағы Тұрғанбай құсбегінің бүркіті Қарашолақ пен Жабай тобының бүркіті Қарашегірдің түлкіні ілуі, қыран құсты қоректендіру тәсілі — бәрі де кейіпкерлер бейнесін, адамдар қатынасында қандай ықпал беретінін жазушының суреттеу шеберлігі аясында түсіндіріледі.

Кітапта Мүхтар Мағауиннің «Аласапыран» роман-дилогиясындағы Ораз-Мүхамедтің бақытты шақтарын, қүс салу, қаз ілдіру, саятшылық қүру кезеңдерін жазушының суреттеуіне тоқталады. Дәстүрлі наным-сенім бойынша басына қонған бақ қүсын адамдардың өздерінің сақтауы, қорғауы жолындағы күресі, әйелдің ер адамның жолын кеспейтіні, үстінен

Дәдебаев Жанғара Дәдебайұлы 1948 жылы 15 қарашада Жамбыл облысы, Талас ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын 1968 жылы ауыл мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. 1970-1975 жылдары аталған университетте оқыды, 1975- 1977 жылдары М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында қызмет етті, 1977-2008 жылдары өзі оқыған университетте аспирант, аға оқытушы, доцент, докторант (СНС), профессор, декан, кафедра меңгерушісі, проректор, 1990- 1991 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми- зерттеу институтының (қазіргі Білім академиясының) директоры болды. 2009 жылдан бермен қарай университетте профессор, университет жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры. Филология ғылымдарының докторы, профессор.

Жанғара Дәдебайұлы — көрнекті ғалым. Оның жеке авторлығымен 600-ден астам еңбегі жарияланды. Ғалымның ғылыми жетекшілігімен 20-дан астам кандидаттық және докторлық диссертация қорғалды.

Ж.Дәдебайұлының басшы- лығымен көп сатылы жоғары білім деңгейлері бойынша университеттік филологиялық білім беру тұжырымдамасы жасалды, соның негізінде университеттік филологиялық білім берудің бірінші және екінші басқыштары үшін мемлекеттік стандарттар, біліктілік сипаттамалары және типтік оқу жоспарлары, бағдарламалар дайындалып, өндіріске енгізілді. 2002- 2008 жылдары ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі оқу және оқу-әдістемелік саладағы барлық жұмыстарды үйлестіру, басқару ісімен шұғылданды. Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен университеттің интеллектуалдық ресурстарының даму бағдарламасы дайындалды. Соның негізінде инновациялық технологиялар, университеттің білім беру қызметі саласында Сапа менеджменті жүйесі жасалып, өндіріске енгізілді. Аталған жүйе сапаны басқарудың тиімді әдісі ретінде маман дайындаудың сатылары мен кезеңдерін ұдайы жақсартудың және білім беру үдерісін тұтастай жаңартудың таптырмас тетігі қызметін атқарды. Бұл үлкен жетістік еді. Осы жетістіктері үшін университет Қазақстан жоғары оқу орындары ішінде бірінші болып Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты (2006 ж.) атанды.

ТМД елдері арасында өткен осындай конкурстың дипломанты (2008 ж.) атағын иеленді.

Ж.Дәдебайұлы 2010-2018 жылдары университет жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының ғылыми-ақпараттық ресурстарын қалыптастыру мақсатында жүргізген ұйымдастыру, басқару жұмыстарының нәтижесінде «Абайтану» сериясы бойынша көптомдық еңбектердің 36 томын дайындап, жарыққа шығарды, абайтану саласындағы ғылыми мектептердің зерттеу нәтижелерінің ғылыми-ақпараттық базасының цифрлық негізін жасады. Ол абайтану ғылымы саласында дүниеде баламасы жоқ рухани байлыққа айналды.

Қазақстан Жазушылар одағының, ҚР Жоғары мектеп Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық Жоғары мектеп ғылым академиясының, Қазақ Білім академиясының, Халықаралық Айтматов академиясының мүшесі ретінде ол өзінің интеллектуалдық қуатын білім мен ғылымның, қоғамдық сананың дамуы жолында жұмсауда.

Ж.Дәдебайұлы шығармашылық еңбегімен, қоғамдық және ғылыми- педагогикалық белсенді қызметімен жоғары білім мен ғылымныі қоғамдық сананың дамуына еңбек сіңірді.

аттамайтыны, бәйге сәйгүлігіне мінбейтіні туралы тыйымдар сөз арқауына алынады.

Осы арада зерттеушінің жинақтау тілімен берілген халықтық- этнографиялық дәстүрлердің жазушылардың шығармалары үшін ғана емес, қазіргі заманғы этно- психология, этнопедагогика ғылымдары үшін де маңыздылығы айқын: «Түркі — моңғол халықтары үйлерінің есігін оңтүстікке қаратады. Үй ішінде әйелдер төрдегі отағасының сол жағынан орын алады да, ер адамдар оның оң жағына орналасады. . Ер адам түтынатын заттар әрқашан үйдің ерлер жағына, оң жағына қойылған да, әйел түтынатын заттар сол қанатта, әйелдер жағынан түрған. Ер адамдар үйдің сол жағы мен оң

жағына бірдей еркін бара беретін болса, әйелдер, әсіресе келіндер, үйдің ерлер жағына аяғын аттап баспаған деген де мэліметтер кездеседі. Тамақ ішкенде де асты сол қолмен емес, оң қолмен алу керек. Кісіге ас күйылған кесені де оң қолмен үсынады. Оң қабақ тартса, кісі қуанады, сол қабақ тартса ренжиді. Жаңа түскен келін үйдің табалдырығынан оң аяғымен аттайды. Ер адамдар төсекке жатқанда төменгі киімдерін басына жастанбайды, бас жағына қоймайды. Осының бэрі сол

қанаттан оң қанаттың, төменгіден жоғарғының қадір-қасиеті артық деген үғымды білдіреді …»

Зерттеуші талдау нысанына алған шығармаларындағы осындай дәстүрлі үғымдардың, наным-сенімдердің қазақ тарихи романдарындағы кейіпкерлер қарым-қатынастарындағы қолданылу ерекшеліктерін жүйелі саралайды. Дәстүрлі мәдениет үлгілеріндегі адамдарға бақыттың, қүттың қонуы малға да байланысты болатынын жазушылардың шығармаларындағы сыйға ат мінгізу арқылы суреттеуіне де назар аударылады.

Өзара сыйластық, әдеп үлгілері қатарындағы жайлауға бет ала көшу кезіндегі көріністер (қыз-келіншектердің әсем киінуі, көш көліктерінің, жүктердің сәнді безендірілуі, адамдардың қоштасу, жөн сүрасу, сусын ішу кезіндегі әдептері, үйді жығу және тігу кезіндегі үйлесімділік қозғалыс- тары, т.б.) жазушылардың шығарма- ларында қалай қолданылатыны жіті талданады. Жолаушының жолдағы үйге қонуы, жолаушы аты сүрінуінің олжаға кенелуге жол ашуы болжамдары, түс көру жорулары

(Ә.Кекілбаевтың «Елең-алаңында» Әбілқайырдың, І.Есенберлиннің

«Көшпенділерінде» Абылайдың түсі), бақсы ойындары, халықтық хан сайлау (ақ киізге отырғызу, боз биенің сүтіне шомылдыру) рәсімі, қүмалақ тарту жэне т.б. — бәрі де жазушылардың уақыт пен кеңістік аясындағы шындықты көркем

кестелеудің суреткерлік шешімі екендігіне зерттеуші байлам жасайды.

Жанғараның зерттеуіне көркем шы- ғармалардың фольклорлық негізіне де ерекше назар аударылады. Көбіне, романдардың композициясындағы фольклорлық аңыз немесе жыр элементтерін пайдалану дағдылары пайымдалады. Бүл орайда зерттеушінің айтқан пікірінің әдеби даму табиғатын түсінуге методологиялық мәнділігі айқын: «Халық творчествосының көр- кемдік, поэтикалық мүмкіншілігінің өте мол және мейлінше жетік сапалық белгілері бүгінгі күннің әдеби-эстетикалық ізденістерінде ерекше қызмет атқарып келеді. Ауыз әдебиетінің үлгілері жазба әдебиеттің бар жанрлық түрлерінің пайда болу, қалыптасу дәуірінен бері қарай бүгінге дейін өз мәнін әлсіреткен емес».

Жанғараның зерттеуінде көркем шығармалардың әдеби негізі тарихи кейіпкердің типтік өмірбаяны мен қайраткер түлғаның шығармашылық мүрасы екендігі де қарастырылады. Бүл орайда Мүхтар Әуезовтің Абайдың өмірбаяны мен шығармаларын әдеби негіз етіп алу шеберлігі сараланады. Әрине, зерттеуші түйіндеген бүл заңдылықтар түрғысынан қарағанда артына әдеби-тарихи, көркем сөз үлгілерін қалдырған тарихи түлғалардың образын бейнелеуде қаламгерлердің сол мүралардағы авторға тән мінез-қүлық сапаларына орай психологиялық-эстетикалық шешімдерді жасайтыны анық.

Жанғара — Қазақстан тәуелсіздігі салтанат қүрған жаңа тарихындағы үлттық сөз өнерінің дәуірге сай серпіліспен, көркемдік биіктіктермен дамуын ойлаған, алаңдаулы көңіл- күйдегі үлттық-отаншылдық, азаматтық үстанымдағы қайраткер, ғалым-сыншы. «Көкжиекті түріп тастағың келеді» (2001), «Әдебиет әркімнің қалтасына салып жүрген малтасы емес» (2004) және т.б. әдеби үдерістің өзекті мәселелеріне арналған мақалаларында үлттық сөз өнерінің дәстүрлі классикалық биік деңгейінен айырылмауын ойлаған тағылымды түжырымдарын айтады. Ежелгі және орта ғасырларда, Алтын Орда, Қазақ хандығы дәуірлерінде көркемдік арналары тиянақты қалыптасқан үлттық сөз өнерінің дәстүрлі көркем рухани қүндылықтарын әдеп еткісі келетін әсіре жаңашылдықты айыптайды.

«Реализмнен кеткен әдебиет — өтірік әдебиет. …Қалай болғанда да өмір шындығын шығармашылық түрғыда сүрыптап халыққа жеткізу керек. Модернизм деген — қалыптасқан шепті бүзу, шектен шығу. Ел айт- паған сөзді айту. Бүл әдебиет емес. Кез келген әдебиет көркем әдебиеттің заңдылықтарының негізінде жасалуы тиіс. Адамның сезімін жалаңаштап көрсетуге болмайды. .Жаңа әдебиет жасалмайды, ол тек дамытылады… Әдебиеттің алтын қазығы, алтын бағыты — реализм. Шығарманың қабылданып, бойға сіңуі ол оқушы- сының қай кезде қандай шақта оқығанына да байланысты. …Жеке адамның тағдыры, ауылдағы жағдай, миллионерлер шығып жатыр, көз көрмеген буырқаныстар болып жатыр. Байыптап, жинақтап жазатын адам

қайда? Жаза қалса, қалай шығарамын дейтін шырғалаң ой тағы бар».

Жанғара — қазақ сөз өнерінің ежелгі заманғы бастауларынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі даму үдерісін, халықтарихымен, көрнекті түлғалар қызметімен, эдет-ғүрып, салт-дәстүрлермен сабақтастыра

қарастыратын өзіндік зерттеушілік мектебін қалыптастырған көрнекті үстаз-ғалым. Қазақ тарихын зерттеп-зерделеуде өткен мыңжылдықтардағы халықтық- үлттық негіздерімізді, Тәуелсіз Отанымыздың негізгі тірегі қазақ үлтының тарихын ғылымдар синтезі ауқымында әлем өркениеті заңдылықтарына орай қайта зерделеуде, күн тәртібіне мемлекеттік ішкі-сыртқы басты саяси бағдарлы түрде қойылып түрған қазіргі сәтте Жанғара үстанымының енді кешенді түрде жүзеге асатыны ақиқат. Бүл орайда үстаз-ғалым көзқарасының әдебиеттану ғылымының қазіргі Қазақстанның мемлекеттік жаңа бағдарламасымен үндестігіне қатысты пікірінің маңызын танимыз: «…Тәуелсіз Қазақстанның әдебиеттануы үшін көркем әдебиетті, оның даму заңдылықтарын, әдеби процесті, әдеби шығарманы тану мен талдаудың, байқау мен бағалаудың методологиялық әдістері мен тәсілдерін жаңа заман тынысына ла- йықты негізде қалыптастыру да кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі екені даусыз. Методологиялық маңызы зор теориялық қағидаларды қалыптастырумен бірге әдебиеттің, әдеби шығарманың жалқы мәселелері бойынша да зерттелетін, анық- талатын, айқындалатын жайлар аз емес».

Талантты ғалымның соңғы жылдары ежелгі және орта (Адам ата, Атилла, Алаша хан, Білге бүдын Тәңірқүт, Істемі қаған, Мүхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, т.б.) және қазіргі дәуірдегі түлғалар хақындағы зерттеулері — төл тарихымыздың ақтаңдақ беттерін толықтыру нәтижелері. Зерттеулерін ата-баба- лық тарихтың үлттық сипаттарын зерделеуге арнаған талантты ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, Қазақстан білім беру ісінің үздігі, Халықаралық ғүмырна- малық орталықтың (Кембридж, Англия) арнайы сыйлығының иегері Жанғара Дәдебаевтың сөз арқауындағы шығармашылық еңбектері — Қазақстан Тәуелсіз- дігінің 27 жылдығындағы үлттық ғылым өрлеуінің озық деңгейдегі көрсеткіштері. Қазақ елінің ежелгі замандардан бүгінге жеткен, енді болашаққа үласатын рухани мәдениет қазыналарын әлемдік өрке- ниет жетістіктерімен үштастыра, үндестіре саралайтын, үлттық бояулы сипаттарды айшықтап даралайтын Жанғараның ғылыми- шығармашылық түғырнамасы — жаңа зерттеулерге бағдар бола бас- таған өзіндік мектеп өнегесі. Лайым, өсер елдің өскелең мәдениетіне тән өркендеу үрдісі осындай қайраткер, талантты замандастарымыздың қызметімен жалғаса бергей!

Темірхан ТЕБЕГЕНОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Алматы қаласы.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support