- Advertisement -

«Қазақ мектебінеге біреу-ақ?» деп алғаш жазған «ао юь> газеті болатын

234

- Advertisement -

Бүгінгі таңда жыл сайынғы дәстүр бойынша газет-журналдарға жазылу науқаны жүріп жатыр. Бұл уақытта «арқалағаны алтын, жегені жантақ» журналистер қауымы еңбек ұжымдарын аралап, зиялы қауым өкілдерімен жүздесіп, қоғамдық пікірді қалыптастыратын баспасөз құралына жазылуды насихаттайды.

Жуырда Тараз қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектептің мәжіліс залында дәл осындай кездесу өтіп, оған облыстық «А^ ,|о1» газетінің Директор-Бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы мен оның орынбасары Алпамыс Қазыбаев және мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері қатысты.

Оқырмандармен кездесу жиынын қалалық білім бөлімінің басшысы Мүбәрәк Жинақбаева ашып, баспасөзге жазылу науқаны ұстаздар ұжымында лайықты дәрежеде жүргізілетініне сенім білдірді.

Бұдан кейін газет басшысы Көсемалі Сәттібайұлы «ақжолдықтардың» жанашыры ұстаздар екенін айтып, облыстың бас басылымына келер жылға жазылуда қалыс қалмауға шақырды.

— Өңіріміздегі қазақ баспасөзінің қара шаңырағы «Аq іоі» газеті. Бүгінде басылымның тарихы бір ғасырға жуықтады. Құдай қаласа, үш жылдан кейін газетіміздің жарық көргеніне жүз жыл толады. Бұйыртса, оны да өздеріңізбен бірге атап өтеміз. Жалпы, газет бүгін ғана пайда болған жоқ. Сонау Х^Ш-ХІХ ғасырдан бастап біздің қазақ даласына келе бастаған. Оның басында алаш арыстары тұр. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және өзге де алдыңғы қатарлы қазақ оқығандары алғаш рет «Қазақ» газетін ашып, ел ішін аралап, бай-бағландарды газетке демеуші болуға үгіттеп, халықтың сауатын ашуға күш жұмсаған. Ондағы мақсаттары -қазақтың қоймен ғана емес, оймен де өсіп, өркендеуі еді. Міне, осы кезеңнен біздің баспасөзіміздің тарихы басталады.

Бүгінде тоқсан жеті жылдық тарихы бар «Ад іоі» газетін біздің алдымызда қайраткер ағаларымыз басқарған. Ел басына күн туғанда бұл газет сондай қайраткерлерімізге қамқор бола білді. Мәселен, кешегі Желтоқсан оқиғасы кезінде Мәскеу тарапынан Дінмұхамед Қонаевқа, Асанбай Асқаровқа жала жабылып, бірі түрмеге тоғытылып, бірі үй қамақта отырған шақта дәл осы газет араша түсті. Басылым қызметкерлері дер шағында сол кісілермен тілдесіп, мәселенің мәнісін жұртшылыққа жеткізді.
Сондықтан бұл газет тек біздің ұжымның емес, халықтың газеті.

Халықтың бір бөлшегі — ұстаздар. Біздің де сенеріміз, көзі ашық, көкірегі ояу мұғалімдер қауымы. Кеңес өкіметі тұсында сондай-ақ тәуелсіздіктің алғашқы елең-алаң жылдарында ұстаздар қауымы қиындыққа тап болды. Ал оған дейін біздің елде ең мәртебелі мамандық -мұғалім болатын. Біздің ата-бабаларымыз мұғалімдерді төріне отырғызған. Ахмет Байтұрсынұлы: «Мұғалім орны төр» деп бекерге айтпаған. Ұлы жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Алғашқы мұғалім» деген повесі бар. Сол шығарма жазушының жазу шеберлігі мен беделінің арқасында бүкіл дүниежүзіне тарап кетті. Кітапта мұғалімге деген құрмет керемет суреттеледі.

Өздеріңіздің сүйікті басылымдарыңыз «А^ ]оі» газеті арқылы күні ертең қабылданатын мұғалімдер туралы заңға ой-пікірлеріңізді білдіріп, ұсыныстарыңызды айтатын сәт туды. Ол «Нұр Отан» партиясы арқылы Астанаға Білім және ғылым министрлігіне жіберіледі. Оның үстіне, қазіргі таңда бас партияның облыстық филиалында аталған заңның балама нұсқасы әзірленіп жатыр. Міне, осының бәрі газет бетінде жарияланса, министрліктегілер бұған құлақ асады. Бұдан бөлек, ұстаздардың біз біле бермейтін түйткілді мәселелерін газет арқылы көтеруге болады. Қазіргі таңда қазақ мектептері гүлденіп келеді ғой. Ал бұрын мұндай болған жоқ. Тіпті
елімізде қазақ мектептерінің саны тым аз еді. Бір ғана мысал айтайын, 1985 жылы сол кездегі «Еңбек туы» газетінің редакторы Арғынбай Бекбосын өте талантты журналисі Рахметбек Өзбеков деген ағамызға мақала жаздырды. Сонда сол кісі бір ай бойы зерттеп, «Азаматтық диалектикасы» деген мақала жазды. Аталған мақалада сол тұста Тараз қаласында бір ғана қазақ мектебі бар екені көтеріледі. Газет жарияланған күні Арғынбай ағамызды обком партия шақырады. Барса, идеология жөніндегі хатшының алдында жаңағы мақала қып-қызыл боп сызылып жатыр екен. «Бұл мақала халықтар достығы дейтін саясатқа қарсы, сен неге өз ана тіліңді бөліп-жарып жазасың», — деп Арекеңе қысым көрсетеді. Сонда Арекең өзінікін дәлелдеп, «Мені бұл үшін жұмыстан шығарсаң да, қазақ мектебінің көбеюіне кедергі болмаңдар», -дейді. Сондықтан «А^ ]оі» газетін ана тілінің жанашыры деп айтамыз.

Сол секілді қазақ мектептерінің санын көбейтуде сатирик ақын Шона Смаханұлының Қонаевқа хат жазып, шырылдап жүргені, бәрі-бәрі осы газет беттерінде жарияланып жатты, — деді Көсемәлі Сәттібайұлы.

Газет басшысы сондай-ақ басылымда «Айша бибі», «Маздақ», «Оқырмандар отауы», «Дода», «Тылсым дүние», «Шөкеңнің шошаласы», «Пырақ» беттері үнемі жарияланып тұратындығын, «А^ ^оі»-ТҮ сайты газетті өзге басылымдардан
ерекшелендіріп тұратындығын, болашақта газетті ^4 форматта жариялау да жоспарда бар екенін жеткізіп, ұстаздарды баспасөздің маңыздылығын арттыру жөнінде ой-пікірлерін ортаға салуға шақырды.

Жиында сөз алған ұстаздардың басым көпшілігі газет бетінде жарияланатын телебағдарламаның қажеті жоқтығын тілге тиек етті.

— «А^ іоі» газеті — біздің рухани байлығымыз. Дәл осы басылым арқылы өзіміздің көңіл көкжиегімізді кеңейтіп, рухани байып қаламыз. Сол себепті, газет бетінде бағдарламаның орнына оқылымды дүниелер жарияланғаны дұрыс деп есептейміз, — деді №51 мектептің директоры Бақыт Сапарәлиева.

Ал №48 орта мектептің басшысы Айжан Әбдешова ұстаздар жазған дүние басылымда тегін жариялануын сұраса, №55 орта мектептің директоры Дәулет Тоқметов ата газетте мұғалім мәртебесін көтеретін дүниелер жиі жарияланса деген тілегін жеткізді.

Жиын соңында Мүбәрәк Қасымқызы жазылым науқаны барысында белсенділік танытқан мектептер мен балабақша басшыларына ризашылығын айтып, өзге мекеме басшылары да келесі жыл үшін баспасөзге жазылу науқанына белсенді түрде қатысатындығына сенім білдірді.

Есен ӨТЕУЛИЕВ
Суреттерді түсірген
Ақəділ РЫСМАХАН.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support