Қытай өзінің жеке жаһандық навигациялық жүйесін іске қосып жатыр

52
Қытай өзінің жеке жаһандық навигациялық жүйесін іске қосып жатыр

СИЧАН. ҚазАқпарат  — Бүгін Астана уақытымен 00.07-де ҚХР Сычуань провинциясының оңтүстік-батысында Сичан ғарыш айлағынан екі навигациялық серігі бар Чанчжэн-3B зымыран-тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі оқиға орнынан.

Beidou жаһандық навигациялық жүйесінің серігін ұшыруға шетелдік журналистерді алғаш рет кіргізді.

Қытай өзінің жеке жаһандық навигациялық жүйесін іске қосып жатыр«Бұл серіктер Beidou-3 сериясының 18 және 19-шы серіктері. Бұл спутниктер жоғары сапалы сигналды қамтамасыз ете алады және жаңа функциялармен жабдықталған. Атап айтқанда, спутниктер арасындағы байланысқа қолдау көрсете алады, іздестіру және құтқару жұмыстарын бақылайды және т.б. Сонымен қатар, жаңа спутниктің қызмет көрсету мерзімі 10-12 жылды құрайды. Бұрынғы серіктердің мерзімі 8 жылдан еді. Жалпы, бұл ұшырылым Beidou-3 жүйесінің негізгі тірегінің орбитада орналасуының және жаһандық  қызмет көрсету желісін қалыптастыруға көшуді аяқтауды білдіреді», — деді Қытай жүйелік спутниктік навигацияларды басқару кеңсесінің жетекшісі Жань Чэнци.

Оның айтуынша, «Beidou-3» спутниктері бар навигациялар жүйесі 2018 жылдың соңында қолданысқа енгізіледі және «Бір белдеу, бір жол» бастамашы елдеріне қызмет көрсетуге кіріседі. Ал, 2020 жылдан бастап бүкіл әлемдегі абоненттерге қызмет көрсетпек.

Қытай өзінің жеке жаһандық навигациялық жүйесін іске қосып жатыр
Қытай өзінің жеке жаһандық навигациялық жүйесін іске қосып жатыр
Қытай өзінің жеке жаһандық навигациялық жүйесін іске қосып жатыр
Қытай өзінің жеке жаһандық навигациялық жүйесін іске қосып жатыр

kazinform.kz

Comments are closed.