- Advertisement -

Елімізде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік қымбаттады 

83

- Advertisement -

Жыл басынан бері елімізде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түліктің бағасы өсті. Әсіресе дүкен сөрелеріндегі қант пен ет, ірімшіктің құны әжептеуір көтерілген.

Қымбатшылықтың халық қалтасына қаншалықты салмақ салып жатыр?

Биыл қант бағасы 21 пайызға көтерілген. Бұл ресми дерек. Сонымен қатар ірімшік 10. сүт 9,4 , сары май 7 жарым, ал ет 5,3 пайызға қымбаттаған. Бағаның қаншалықты көтерілгенін көзбен көру үшін Елорда базарларын араладық. Баға әртүрлі. Яғни коммуналдық базарға қарағанда жекеменшік сауда орындарындарында сәл де болса қымбат. Мәселен, жекеменшік базарда 270-275 теңге тұратын құмшекердің келісі коммуналдық базарда 235-240 теңге.

БЛИЦ

— Зейнетақымыз аздау болғаннан кейін алыс болса да осы коммуналдық базарға келіп азық-түлік аламын. Өйтені мұнда ет, те көгөніс те басқа базарларға қарағанда арзандау.

— Енді уақыты келді ғой қымбаттайтын. Көкөніс жағы ақырындап қымбаттап жатыр. Көп балалыларға әрине ауыр тиеді. Қарапайым қазір жалақы аз ғой. 

— Баға бұл жақта тұрақты. Арзан деп ойлаймыз сол үшін осында келеміз. Мен бүгін ет алдым. Гуляш 1400 ден алдым келісін. Басқа базарларда қымбат.

Коммуналдық базардағы бағаны тұрақты ұстауды жергілікті әкімдік өз бақылауына алған. Яғни бұл сауда орталығы Елордадағы тұрақтандыру қорымен тікелей жұмыс істейді.

Айым Жұмашева, коммуналдық базар әкімшілігінің қызметкері:

— Күнде таңертең базар әкімшісі басқа базарларға барып моноторинг жүргізеді. Соның нәтижесімен біз басқа базарларға қарағанда ең арзан баға қоямыз. Қант бойынша айтсақ. Мысалы бізде маусымдық ауытқу болады ғой сол маусымдық ауытқуға біз тұрақтандыру қорымен жұмыс жасаймыз.

Талғатбек Әбдіқожаев, тілші:

— Тұрақтандыру қорының өкілдері қоймадағы азық-түлік шаһардың сұранысын қанағаттандыруға жеткілікті дейді. Биыл қорға 1500 тонна қант, 500 тоннадан аса күріш және қарақұмық жармасы сатып алынған.

Ризагүл Мүсілімова, «Астана» ӘКК» АҚ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру департаментінің директоры:

— Қанттың бағасы әрине жоғарылап тұр. Бірақ тұрақтандыру қорында қант жеткілікті. Қазіргі таңда 400 тоннаға жуық қант бар. 500 тонна қарақұмық жармасы бар және 240 тоннадай күріш бар.  Былай айтсақ әр тауардың өзінің маусымы бар мезгілі бар. Қант мысалы, тоспа жасау кездері шілде тамыз қыркүйек айлары. Картоп болса сәуір айлары.

Қазіргі жағдай осы. Алда не болады? Беймәлім. Өйткені кей қалаларда дәл осындай коммуналдық базарлар жекенің қолына өтіп кеткен. Сөйтіп, баға да бақылаудан кетті. Мұндағы жұртта Астанадағы жалғыз коомуналдық базардың көп ұзамай сатылатынын естіп, алаңдап отыр.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожаев, Әлібек Әлиев

24.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support