- Advertisement -

Бостон терактісіне байланысты сотталған Диас Қадырбаев елге жеткізілді 

94

- Advertisement -

АҚШ-тың Бостон қаласында болған террактіні тергеу барысында сотталған қазақстандық Диас Қадырбаев Алматыға ұшып келді.

Алты жылға сотталған Д. Қадырбаев Америка түрмесінен мерзімінен бұрын босап шықты. «2018 жылдың 24 қазанында біздің азамат Диас Қадырбаев Алматы қаласына ұшып келді. Қазіргі таңда ол бостандықта. Ол Америкада жазасын толығымен өтеп, Қазақстанға қайтып келді», — деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте. Айбек Смадияров Қазақстан Республикасының аумағындағы оның жауапкершілігі мәселесін еліміздің құқық қорғау органынан сұрап білу керектігін атап өтті.

Еске сала кетсек, 2015 жылы қазақстандық студент Диас Қадырбаев америкалық құқыққорғау органдарына 2013 жылы Бостонда жасалған лаңкестікті тергеу барысына кедергі жасағаны үшін 6 жылға түрмеге кесілген болатын. Қадырбаев терактіні жасаған Джохар Царнаевты танитындығын полицияға хабарламаған. Сонымен бірге жатақханадағы Царнаевтың бөлмесін жинастырып, тергеуге кедергі келтіргенін мойындады.

24.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support