- Advertisement -

Женева конвенциясы қазақ тіліне аударылды 

72

- Advertisement -

 

1949 жылы қабылданған Женева конвенциясы қазақ тіліне аударылды. Халықаралық құжаттың негізгі бөлімдерімен қатар қосымша хаттамалары да қоса тәржімаланды.

Конвенцияның ана тілімізге аударылуына еліміздің Үкіметі мен Қызыл Крест халықаралық комитеті ұйытқы болған. Бүгін оның таныстырылымына аталған ұйымның вице-президенті Жиль Карбонье арнайы келіп қатысты. Ол аударманың Женева конвенциясының 70 жылдығы қарсаңында жарық көргенін атап өтіп, Қазақстанмен арадағы байланыстың жыл сайын бекіп келе жатқанын айтты.

Жиль Карбонье, Қызыл Крест халықаралық комитеті президентінің орынбасары:

— Соңғы мәліметке сай біздің Қазақстан Республикасында өкілдігімізді ашу бойынша жүріп жатқан келісім аяқталуға жақын. Тек кеңсе ашумен шектелмейміз деп ойлаймын. Болашақта Қазақстан үкіметімен бірлесіп, аймақтық проблемаларды шешуге араласамыз деген жоспарымыз бар. Мемлекеттеріңіздің бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған халықаралық бастамаларын куәміз. Осы бағыт бойынша бірге жұмыс істейді көздеп отырмыз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support