Австралияда мұхитқа батып бара жатқан кенгуру құтқарылды
Құтқару операциясын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Виктория штатының жағалауында қыдырып жүрген тұрғындар кенгурудың суға батып бара жатқанын көреді. Жануарды екі адам құтқарып, жағаға алып шықты. Дегенмен кенгуру қайта мұхитқа қарай қашқан. Абырой болғанда, батыл жануар аман қалды. Құтқарушылар кенгуруды жануарлар орталығына жіберу үшін көрпеге орап, Роузбад учаскесіне жеткізді. Енді оның жағдайын зоологтар бақылауда ұстайтын болады.
Comments are closed.