- Advertisement -

Футболдан аула командалары арасындағы лига биылғы маусымын аяқтады

72

- Advertisement -

Астана, BAQ.KZ. «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында аула командалары арасындағы футбол лигасының биылғы маусымының соңғы ойындары өтті. Бұл туралы ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Соңғы ойындарға тек биылғы маусымда жүлдегер атанған 35 команда қатысып, 2018 жылдың чемпионы атану үшін олар бар күштерін ортаға салды. Ойындар олимпиада жүйесі бойынша Football land стадионында өтті.

Бұл турдың нәтижесінде 15-тен асқандардың арасында жеңіске «Жиделі» командасы жетті. Екінші және үшінші орындарға «Уэска» мен «Челси» жайғасты.

Ал, 8-14 жас аралығындағы ойыншылардан құралған «А» лигасының жүлдегерлері болып «Орда», «Бөкейханов» және «Динамо» клубтары атанды.

«Біз аула лигасына биыл бірнеше рет қатысып, жүлдегер атандық. Міне бүгін мықты ойыншыларды ұтып, чемпион атандық. Қуаныштымыз. Осындай жарыс үшін ұйымдастырушыларға үлкен алғыс айтамыз», — деді «Жиделі» ойыншысы Руслан Жұмабек.

Жарыс «Мaxi чай» өндіретін Galanz bottlers компаниясы және SportExpo Kazakhstan халықаралық көрмесін ұйымдастыратын ұжымның қолдауымен өткізілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, үздік ойыншыларға Қайрат футбол командасының сыйлықтары табысталды.

Сондай-ақ, жүлдегерлерді құттықтау үшін жарысқа арнайы «Қайрат» футзал клубының ойыншылары Дәурен Тұрсағұлов пен Біржан Оразов және «Қайрат» футбол клубының ардагері Виктор Катков келді. Олар барлығын құттықтап, сәттілік тіледі.

baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support