- Advertisement -

Аграрлық ғылым кең қолданысқа ие

106

- Advertisement -

Нұрлан БАЛҒАБАЕВ,
«Қазақ су шаруашылығы
ҒЗИ» ЖШС-ның бас директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өзінің жуырдағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында елімізді одан әрі дамытудың, жарқын жетістіктерге қол жеткізудің стратегиялық жолын екшеп, айқындап та берді.
Жолдаудың басты мәні мен маңызы – ел дамуының барысын, қолда бар мүмкіндіктеріміз бен әлеуетімізді нақтылап, қазақстандықтардың әл-ауқатын, табысы мен тұрмыс сапасын арттыру бағытын көздейтіндігі. Онда ең басты басымдықтар қатарында агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін, ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін арттыруға, сондай-ақ қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты көлемін 2022 жылға дейін 2,5 есеге ұлғайтуға, заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде жұмылдыруға айрықша назар аударылып отыр. Жолдау су және ауыл шаруашылығы салалары ғылыми әлеуеті тарапынан қызу қолдауға ие болуда. Осы ретте әлемнің ең үздік тәжірибелерін пайдалану үшін ауыл шаруашылығы саласына ең беделді мамандар күшін жұмылдыру да күн тәртібіне өткір қойылып отыр.
Аграрлық секторды дамытуда елімізде бүгінгі күнге дейін қыруар іс атқарылғаны, атқарыла да беретіні баршаға мәлім. Атап айтқанда, қазіргі таңда 2017-2021 жылдарға арналған агроөндірістік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылу үстінде. Бағдарламада суармалы егіншілік шаруашылығының алқаптарын 2021 жылға дейін 610 мың гектарға ұлғайтып, 2 миллион гектарға дейін жеткізу мақсаты қарастырылған. Осыған байланысты Жамбыл облысында суармалы алқаптар аумағын 86 мың гектарға арттыру жоспарлануда. Еліміздің, оның ішінде өңіріміздің де әлі күнге дейін трансшекаралық суға тәуелді екендігін, таяу жылдарда болжамдалған су тапшылығының орын алуы ықтималдығын ескерсек, суару ісінде өндіріске су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу қажеттігі де туындайды.
Осыған байланысты Жолдауда жоспарланған шараларды іске асыру үшін ғылымға, әсіресе аграрлық ғылымға ерекше көңіл бөлініп отыр. Атап айтқанда, алдағы 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық қаржы көздерінен жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу көзделуде. Бұл қазақстандық аграрлық ғылымды дүниежүзілік деңгейде дамытуымызға әрі салаға біліктілігі жоғары мамандар тартуымызға серпін беретін болады.
Бұл тұрғыда су шаруашылығы саласында жетекші ғылыми-зерттеу институты тарапынан суарудың және мелиорацияның заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу, судың есепке алынуын және таралуын автоматтандыру, жайылымдық аумақтарды ылғалдандыру жұмыстарын жемісті жүзеге асырумен келеді.
Жолдау жаһандық сын қатерлерді еңсерудің жаңа жолдары мен мүмкіндіктерін айқындап берген, еліміздің әрі қарай дамуының, табыс көлемі артуының және халқымыздың өмір тіршілігі сапасын көтерудің басты қозғаушы күші деп санаймыз. Мейлінше шынайы іс-жоспарға құрылған, халқымыздың игілігін көздейтін, іргелі істерге жол ашатын Жолдауды жүзеге асыруға белсене атсалысу – баршамыздың, әрбір азаматтың абыройлы міндеті. Сондықтан институт ұжымы еліміздің дамып, гүлденуі жолында ауызбіршілікпен аянбай еңбек ете беретін болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support