- Advertisement -

Терроризмді насихаттау – қылмыс

123

- Advertisement -

Ғаламтор – біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған. Тәжірибе көрсеткендей, діни фанатиктер өздерінің қылмыстық пиғылдарын көбінесе әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асыруға талпынады.
ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті және облыстық ІІД тарапынан терроризмді насихаттау бойынша 2 факт анықталды.
Атап айтқанда, облыс тұрғындары арасынан ҚР азаматтары «Б» және «Р» әлеуметтік желілер арқылы діни-экстремистік материалдарды таратумен айналысып, «ДАИШ» ХТҰ-ның Сириядағы лаңкестік әрекеттерін қолдаған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде, олардың кінәсі толық дәлелденді. Тараз қалалық және Жамбыл аудандық соттарының үкімімен жоғарыда аталған азаматтар 5 және 7 жыл бас бостандықтарынан шектелді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң облыс бойынша департаменті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support