- Advertisement -

Таразда санаты анықталмаған азаматтар нақтыланды

109

- Advertisement -

Камила БОРАШОВА

Облыс әкімінің қаулысымен Елбасының Ұлт жоспары – «100 нақты қадамның» 80-қадамында жүктелген міндет – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудегі кейбір мәселелерді тұрғындарға түсіндіру мақсатында арнайы штаб құрылған болатын. Оның құрамы облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген еді. Жыл басынан бері осы құрам жамбылдықтарға денсаулық сақтау саласындағы сақтандыру жүйесінің тиімділігін жеткізіп, 20 рет облыстық штаб отырысын өткізді. Сондай-ақ Тараз қаласының және Шу, Қордай, Жуалы аудандарындағы жауапты мамандардың осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстары туралы есептері тыңдалған.
Жалпы, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бағытындағы жұмысты жандандыру үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Тараз қаласы және аудан әкімдерінің арасында келісімге қол қойылған болатын. Соның негізінде сегіз айда 330834 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Ал Тараз қалалық әкімдігі тарапынан тиісті жоспар түзіліп, мекеме қызметкерлері шаһардағы 10430 үйді аралап, санаты анықталмаған азаматтарды нақтылаған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың айтуынша, Тараз қаласы мен аудан әкімдері және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы бірлесіп іс-шаралар өткізген. Атап айтсақ, қоғамдық орындарындағы, халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы және денсаулық сақтау ұйымдарындағы 184 дисплейде бейнероликтер көрсетілген. Сонымен қатар 14 қоғамдық сауда орындарында аудиороликтер қойылып, тұрғындарға 70362 ақпараттық материал таратылған. Осы мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарында 198 мақала жарық көрсе, облыстық телеарналарда 20 сюжет көрсетілген. Ал әлеуметтік желілерде, ресми сайттарда, мобильдік қосымшаларда 256 ақпарат орналастырылған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің жаңа моделін түсіндіру бағытында және Тараз қаласындағы ірі және орта кәсіпорындардың ұжымдарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support